Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бибігүл Төлегенова "Қайрат – жер” деп сағын сындырып еді”. Гүлзира Айдарбекова адамдарды кекшіл, өсекшіл атады

19:08, 11 шілде 2024 4558

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлына жылы лебізін білдіріп,қолдау танытқан жандарға алғыс білдірді. Кейіннен КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың кезінде ұлының "сағын сындырғанын" есіне алды. Адамдардың соңғы кезде "кекшіл әрі өсекшіл болып кеткенін" айтып, айыптады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

”Әшейінде күндер зулап өтіп бара жатыр деп ренжуші едім, кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой ештеңе етпес, сіздерде жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді, ия, ия бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айрылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Ия тәуба, ең бастысы балам аман! Ер азамат қой, тағдырына көнеді, шыдайды,өзі әндеріне қосып айтқандай Шыда жүрек! Тілеуін тілеп отырған барша аналарға айтарым: Ой Алла-ай сіздерге жазып отырып көзімнің жасынан бұлдырап көрінбей кеткен қателерімді сан түзедім ау. Жүрегіме Алланы салып, бір Аллаға тапсырдым ұлымды, десемде жүрек шіркін беріліп кете береді екен ғой, ана жүрек деп бекер айтпаса керек. Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!

Кейіннен продюсер халық әртісі Бибігүл Төлегенованы айыптап, ұлының сағын сындырғанын айтты, Адамдардың соңғы кездерде кекшіл, өсекшіл болып баратынын жеткізді:

2- ші видеодағы “Ана” әнінде ютубтан толық нұсқасын байқасаңыздар сахнадағы лейтта Бибігүл анамыздың суреті. Тура сол кезде апамыз "Қайрат - жер" деп біраз сағын сындырып еді. Бір разы болғаным ұлыма, қоя беріңіздерші қарттық қой ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар ол кісіге де арнаймын деді, көмекшілерім ұлымның сыртынан "жаным-ау неткен қарапайымдылық, осы көркем мінезінің арқасында әлі орнын жоғалтпай Алланың қалауында болып келеді ғой, әпке" деп көздеріне жас алып еді. Адамдар соңғы кезде кекшіл, өсекшіл болып барады, ел болып түзелеміз ба десек күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе?”, — деп жазды продюсер.

Естеріңізге сала кетейік, эстрада дүлділі Димаш пен Қайратты салыстырып, өнердегі алар орнына қатысты пікір білдірген еді:

Аңыз әншінің бұл екі жұлдызға қатысты пікірі өзгеріссіз қалған. "Менен Қайрат пен Димашқа қатысты сұрақтар жиі қояды. Оларға қатысты халықтың пікірі екі түрлі деп жатады. "Біреу - Нұртас жақсы, бірі - Димаш жақсы" деп айтады. Ал мен айтамын, айналайын, Димаш пен Қайраттың арасы жер мен көктей. "Сонда көк кім?" дегенге, әрине Димаш - көк деп жауап беремін. "Ал жер сенің Нұртасың" деймін. Нұртас - көптің бірі. Ондай мың әнші бар" , - деп айтқан болатын Төлегенова. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар