Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль мен "Ислам жиһады" радикалды тобы Газа секторы бойынша бітім жасасуға келіскен

08:13, 08 тамыз 2022 232
Израиль билігі мен "Ислам жиһады" радикалды тобының өкілдері бітім жасасу туралы келісімге келді.



Келісім туралы алғаш болып радикалды топтың беделді мүшесінің мәлімдемесіне сүйенген Agence France-Presse пен Египет барлауының мәліметтеріне сүйенген Associated Press агенттігі хабарлады. Бұл мәліметке қарағанда, бейбіт келіссөзге Каир ара ағайындық жасаған. Алайда келісімде қандай шарттар аталғаны туралы хабар жоқ.

5 тамызда Израиль әскері "Рауан" операциясы басталғаны туралы хабарлап, Газа секторының Палестина аумағын зымыранмен бірнеше рет атқан. Израиль осы соққы кезінде "Ислам жиһады" радикалды тобының екі жетекшісі Тайсир әл-Жабари мен Хәлед Мансұрдың көзі жойылды деп хабарлады.

Палестинаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, зымыран шабуылынан 36 адам өлген, оның ішінде 11 бала бар. Израиль әскері өлгендердің көбі "Ислам жиһадының" әскери қанатының мүшелері, ал кейбірі Палестина жауап соққы жасаған кезде өлді" деп есептейді.

7 тамызда Израиль премьер-министрі Яир Лапид "Рауан" операциясы көздеген мақсатына жетті" деп мәлімдеді. "Әл-Жазира" телеарнасы "Ислам жиһады" бейбіт келісім жасау үшін Израильден "террор әрекетіне байланысты айыпталып, Иудея мен Самарияда қамауда отырған ондаған адамды шұғыл босатуды талап еткен.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар