Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

06:00, 06 ақпан 2023 262
 


Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы 60 мыңға жуық адам Үкіметке қарсы акцияға қатысты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ең үлкен толқу кешке Тель-Авивте, қаланың шығысындағы үкіметтік ғимараттар кешені маңында өткен.

The Times of Israe ақпаратына сүйенсек, ереуіл тек Тель-Авивте емес, Израильдің басқа қалаларында да өткен.

Наразылыққа себеп болған реформа бойынша Израильдің жоғарғы әділет сотының Үкіметтің шешімдеріне қатысты өкілеттігі шектеледі, ал Үкімет судьяларды іріктеуді бақылауға алады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар