Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жаңа адамдар «Қазақстан - бар ғұмырым» Бірінші жастар Конвентін өткізеді

14:26, 03 шілде 2024 282

13 шілдеде бір алаңда алғаш рет белсенді азаматтық ұстанымы бар жас, креативті, шығармашыл адамдар бүкіл елге: «Қазақстан - бар ғұмырым» деп жариялау үшін бас қосады деп хабарлайды Alash.kz.

Конвентке қатысушыларды бірегей білім беру бағдарламасы, бір жерде жиналған елдің үздік фестивальдары, акционерлер жарысы және танысу нүктелері күтеді.

Іс-шара соңында Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART, Yenlik, Moldanazar және құпия қонақ секілді үздік әртістер бір сахнада өнер көрсетеді деп жазды https://www.instagram.com/reel/C8GtWsti64c/?igsh=MWRpa2owYzkwYjJvcQ==.

Қатысу үшін convention.kz сайтына тіркеліп, бейнежазба түсіру керек. Бейнежазбада өзің туралы айтып, «Мен неге Конвентке барамын?» сұрағына жауап беру маңызды. Кейін бейнежазбаны #конвенткебарамын хэштегімен әлеуметтік желіге жариялап, өз қалаңның Кампусынан билет алу қажет!

Сайтта тіркелу: convention.kz
Толығырақ инстаграм парақшада: @zhana.adamdar
Колл-центр: 8 707 070 40 50

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?