Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа Салық кодексін әзірлеу созылып барады» – Олжас Бектенов

12:08, 19 наурыз 2024 390

Премьер-министр Салық кодексін әзірлеуді жедел аяқтауды тапсырды.

Салық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджет 4 трлн теңгеге толықты. Мұндай нәтижелерге соңғы 5 жылда, соның ішінде процестерді цифрландыру арқылы қол жеткізілді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады.

Оның айтуынша, 4 трлн-ның 23%-ы немесе 932 млрд теңгесі 2023 жылы түскен. 2024 жылы кірістер жоспарында әкімшілендіруге 1,6 трлн теңге салынды. Бұл – былтырғы деңгейден 73% артық.

«Таза парақтан реттеу» шеңберінде салықтық тексеруді белгілеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары қайта қаралды. Енді олар нақты іріктеу әдісімен жүргізіледі. Салықтық тексерулер саны 2022 жылмен салыстырғанда 16% төмендеген кезде салықтарды өндіріп алу 2 есе ұлғайды», - деді Мәди Тәкиев.

Бұл ретте, Үкімет басшысы әзірленіп жатқан жаңа Салық кодексі бәріне түсінікті болуы керектігін ескертті.

«Үкімет алдында салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру бағытында маңызды міндет тұр. Осы мақсатқа жетудің ең оңтайлы жолы – барлық процесті барынша цифрландыру. Жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Оған қойылатын талап өте қатаң. Бұған дейін ұсынылған тәсілдерге қатысты орынды сын айтылған болатын. Бизнес пен қоғам бұл құжаттан оң өзгерістер күтуде. Ең бастысы, ол ашық, бәріне түсінікті және үйлесімді болуы керек. Алайда Кодексті әзірлеу созылып барады. Бұл жұмысты жедел аяқтауды тапсырамын. Жаңа кодексте азаматтардың мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы мен әрекетсіздігіне, қосылған құн салығын қайтаруды кешіктіруге, мәмілелерді жарамсыз деп тануға және т. б. мәселелерге қатысты арыз-шағымдарын ескеру керек. Әкімшілендірудің сервистік моделіне назар аудару қажет», - деді Бектенов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар