Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жақсы хабар: Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

18:39, 25 шілде 2024 1880

Отарда комаға түскен мерзімді қызметтегі сарбаз есін жиды. Қуанышты жаңалықты Instagram-дағы парақшасында жігіттің әкесі Тимур Жаналин бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ер адам қолдау көрсеткендердің барлығына алғысын білдіріп, сарбаздың өзін жақсы сезініп жатқанын айтты.

"Ұзақ уақыт байланысқа шықпадық, бірақ оның себептері болды. Біріншіден,жақсылықты күттік, екіншіден, ұлым есін жию үшін. Дұғамызды қабыл алған жаратушыға, және дәрігерлерге рақмет! Ем әлі жалғасуда... Алда қалпына келтіру және оңалту бар", – деп жазады Тимур Жаналин.

Еске салсақ, биылғы мамыр айында Қостанайдан мерзімді қызметтегі сарбаз Нұржігіт Абділпатта әскерге аттанды. Бірақ, ант қабылдауға үлгермей, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Ата-анасының айтуынша, жігітке сап түзеу кезінде сержанттың соққысынан кейін нашарлаған.

Бұл туралы олар ұлдарының достарынан білді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар