Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жазасын жеңілдетемін": Бишімбаевтың туыстары алданып қалды

16:26, 21 маусым 2024 722

Астаналық әйел Бишімбаевтың туыстарынан алдау арқылы 100 миллион теңге алып кеткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.

Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар