Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Желіде 2 миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі таралып кеткен

10:29, 07 наурыз 2024 479

Ведомоство тарапынан қзақстандықтардың жеке дерегін таратқан дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылмақ.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» мамандары zaimer.kz микроқаржы ұйымының клиенттері болған 2 млн қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткенін анықтады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеуінше, клиенттердің жеке басын анықтау нәтижелері бойынша азаматтарға EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы тиісті хабарламалар жолданады.

Ведомоство тарапынан қзақстандықтардың жеке дерегін таратқан дерекқор операторларына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылмақ.

«ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша деректер базасының операторларына қатысты заң талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылады, сондай-ақ санатына қарай 100-ден 1000 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Министрлік тарапынан жеке деректердің таралуына жауапкершілікті күшейту шараларын қарастырылып жатыр», – деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі баспасөз қызметі өкілдері.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар