Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетісу облысында серуенге шыққан әйелге әскерилердің оғы тиіп, өкпесінің жартысын жұлып әкеткен

15:09, 14 шілде 2024 1062

Әсем Қарсыбаеваға қаңғыған оқ тиіп, жансақтау бөліміне түсті. Иығына тиген оқ өкпесін тесіп, омыртқасында қалып қойған.

Әсемнің күйеуінің айтуынша, оқыс жағдайға сол маңда оқу жаттығуларын өткізген әскерилердің қатысы бар. Зардап шеккен әйелдің аяққа тұрып кетуі үшін ұзақ уақыт пен қомақты қаражат керек. Айтуынша, бастапқыда ем-дом шараларын көтеріміз деп уәде берген шенеуніктер енді сөздерінен тайқып шыға келген.

Әсемнің сөзінше, әскерилер оны 22 мамырдан бастап Талдықорған областық ауруханасына жатқызған. Ол жақта әбден қорлық көрдім дейді әйел.

Әйелге оқ шамамен 2 шақырымнан аса қашықтан тиді деген болжам жасалды. Оқ иығынан өтіп 7-4 қабырғаны сындырған. Өкпесінің жартысын жұлып әкеткен. Омыртқаға оқ тиген. Омыртқаның жанындағы жүйке жасушаларының бәрін жұлып өткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар