Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Татарстанда дос-туысын әскер қатарына қосқандарға 100 мың рубль төленбек

19:57, 11 шілде 2024 723

Ресейде Татарстан тұрғындары Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға "досын әкелсе" 100 мың рубль төленетіні айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Татарстан билігі аймақ тұрғындары үшін жаңа науқан бастады.

Егер ел азаматы басқа адамды Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға көндіре алса, оған келісімшарт жасалғаннан кейін 100 мың рубль төленеді. Хабарландыру жайлы "Говорит НеМосква" басылымы хабарлады.

"Акцияны" мемлекеттік БАҚ, Татарстандағы медиапарақшалар, аудандық газеттер мен әкімшіліктердің сайттары жарнамалайды, деп атап өтті басылым.

Мұндай төлемді алуға достар, туыстар, әскери комиссариаттардың, әкімшіліктер мен ведомстволардың қызметкерлері талпына алатыны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар