Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жылына 80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады - Журналист

12:24, 04 сәуір 2024 374

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Дина Төлепберген зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдер туралы тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол өз инстаграм парақшасында жазба жариялады.

“Бүгін Салтанаттың соққыға жығылған кей видеоларын көріп, жүрегіміз қанжылады. Қандай жауыздық… Бірақ жазықтының бір күрсінгенін байқамадым. Өзін ақтап, қиыннан қиыстырып әлек. Бұл сот барлық шоудың төресі болды-ау”, – деп жазды тележүргізуші.

Сонымен қатар күйеуінен таяқ жеп, ажал құшатын әйелдердің статистикасын да жариялады.

“Статистикаға сенсек, елімізде жыл сайын кемі 80 әйел күйеуінің қолынан қаза табады екен. 5 мың әйел соққының құрбаны болып жатыр. Бұл полицияда тіркелген істер ғана. Расында, қаншама әйел үндемей үрейленіп, таяқтың астында күн кешіп отыр. Егер сізді күйеуіңіз ұрып-соқса, басыңызды бұқпаңыз. Дабыл қағыңыз! Қызға қол көтерген қылмыскер түрмеге өмір бойына тоғытылсын!”, – деп ашынды Дина Төлепберген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар