Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жойқын жол апатына кінәлі Сергей Камаев өзін үй қамаққа жіберуін өтінді

17:24, 04 қыркүйек 2024 350

Қарағандыда жаппай жол-көлік оқиғасына кінәлі Сергей Камаев сот отырысында рөлде есінен бірнеше секундке ғана танып қалғанын айтып ағынан жарылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол Ауғанстанда әскери қызметте жүргенде басынан жарақат алғанын және соңғы уақытта есінен тану ұстамалары жиілеп кеткенін түсіндірді.

Сот отырысында Камаев тергеу кезінде өзін үй қамағына жіберуді сұрады. Ол келтірген барлық шығынды өтеуге дайын екенін айтып, мұны міндетті түрде орындайтынын мәлімдеді.

«Мен келтірген барлық зілді өтеуім керек. Барлық шығынды өтеуге мүмкіндік берулеріңізді сұраймын. Мен өз кінәмді еш жеңілдетіп отырған жоқпын. Мен үшін ең бастысы – барлық шығынды өтеу. Мен бұған уәде беремін», — деді Камаев сот отырысында.

Сот оның өтінішін қарастырып, бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылдауы керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар