Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүрегі, тынысы тоқтап қалған". Жедел жәрден қызметкері Нүкенованы қандай күйде көрді?

17:04, 08 сәуір 2024 3780

Сотқа куәгер ретінде келген жедел жәрдем қызметкерінің айтуынша, 9 қараша кешке оларға Bau мейрамханасында ес-түссіз, тыныс алмай жатқан пациент туралы шақыру түскен.

Оның сөзінше, ол жүргізуші және көмекшісімен мейрамханаға барғанда оларды Байжанов қарсы алған. Екінші қабаттағы VIP-залға кіргенде диванда киімсіз, көрпе жамылған әйелді көріпті.

Куәгер "Нүкенованы тексергенде оның денесі суық болғанын, жүрегі, тынысы тоқтап қалғанын" айтты. Жедел жәрдем қызметкері "Нүкенованың бетінде және аяғында гематома болғанын, көз жағы көгеріп тұрғанын" мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар