Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кедейлер екі есе көбейеді. 200 мың теңгеден аз табатындар кедей саналмақ

16:51, 14 желтоқсан 2022 293


5 желтоқсандағы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2025 жылдан бастап жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданатынын айтты. Соған сай, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің орнына медианды жалақы бойынша есептелетінін мәлімдеді. 



Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылғы II тоқсанда республика бойынша табысы ЕТКД-ден төмен халықтың үлесі 5,1%, бұл 2022 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 0,5% жоғары. Ол кезде табысы ЕТКД-ден аз адамдар саны 4,6% болған еді. Нақтырақ айтар болсақ, 2022 жылдың II тоқсанында елдегі кедейлер саны 1 млн-нан астам болған. 



Егер министрлік кедейлік шегін ЕТКД-мен емес, жоғарыда айтылғандай медиандық табыспен өлшейтін болса, елдегі кедейлер саны екі есеге жуық көбеймек. Статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2021 жылы халықтың 9,3%-ның табысы медианды табыстан, яғни 201 мың теңден аз болған. Демек, 2025 жылдан бастап елдегі кедейлер саны қазіргідей 1 млн емес, 1,9 млн-ға дейін көбеймек, деп хабарлайды Halyq Uni



Айта кетейік, медианды жалақы дегеніміз – елдегі жалақының ортаңғы көрсеткіші. Қазіргі таңда елде 201 мың теңгеден көп айлық алатындар мен аз айлық алатындар бірдей. 




Қабылданғалы жатқан жаңа Әлеуметтік кодекс шеңберіндегі түзетулермен 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘК мөлшерін есептеу кезінде критерийдің анықтау ретінде медианалық табысқа көшу ұсынылады, деп эауап бержі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі редакцияның жіберген ресми сауалына.




Сонымен қатар, Әлеуметтік Кодексте жобасы аясында «Марапатталған аналар» деген жаңа ұғым енгізіледі. Бұл мәртебе көп балалы ананың сіңірген еңбегін құрметтеу және тану ретінде өмір бойы «Күміс алқа» (алты бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар), «Алтын алқа» (жеті және одан да көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналар) алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге берілмек.



Ал «Алтын алқа» алқасымен және бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшерін 7,4 АЕК-ке дейін арттыру жоспарлануда.



Естеріңізге сала кетейік, бүгінде 6, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар 6,4 АЕК мөлшерінде бірдей деңгейде жәрдемақы алады.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар