Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кімнің мүддесін қорғап отырғаныңды білемін: Депутаттар қатты дауласып қалды (ВИДЕО)

16:18, 22 қазан 2024 1392

 

 Парламентте депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Альберт Рау дауласып қалды. Соңғысы отырыс үстінде орнынан тұрып кетіп қалды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Отырыс барысында депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов бұл құжат Үкіметпен келісілді ме деп сұрады. Рау “әлбетте” деп жауап берді. Раудың сөзінше, құжаттың қорытындысын әзірлеуге алты ай уақыт кеткен.

— Мұны қандай жұмыс тобы қараған. Мен неге хабарсызбын. Сіздер бұл жерде біреулердің мүддесін қорғап отырсыздар! Кімнің екенін атайын ба? - деді Ізмұхамбетов.

Оған жауап берген Альберт Рау әрбір түзетуді әзірлеген кезде президенттің тапсырмасы негізге алынғанын айтты. Алайда Ізмұхамбетов оған “президент тапсырма бергенде бәрі заңды болсын әрі мемлекет мүддесі үшін болсын” деп жауап қайтарды. 

“Бұл өте салмақты айыптау” деп сөз қайтарды Рау. Екі депутат мәмілеге келген жоқ. Альберт Рау тіпті орнынан тұрып кетіп қалды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар