Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көкшетауда неке қию күнінде 22 жастағы күйеу жігітті жауыздықпен өлтіріп кетті

09:01, 13 қараша 2024 1867

Көкшетауда өткен түнде көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіттің өлімі орын алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Туыстарының айтуынша, барлығы жас жігіттің неке қию күні орын алды. Оқиға жайлы Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді.

«12 қараша күні Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі тіркелді. Осыған байланысты полицейлер ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар, жанжалға қатысқан барлық адамдар анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР ҚК 293-бабы, 2-бөлімі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған фактілер бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін және тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін мәлімдейміз», — деді аймақтық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бахтияр Өтеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар