Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген әкім қалай бостандыққа шықты?

15:08, 07 қараша 2024 362

Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген Теректі ауданының экс-әкімі бостандыққа шықты, деп хабарлайды Alash.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.

«Мой Город» хабарлауынша, БҚО Теректі ауданының экс-әкімі Жеңіс Серікқалиевтің жаза өтеу мерзімі 2024 жылдың сәуірінде шартты жазаға ауыстырылды.

2016 жылы Серікқалиев пен Қажымұратов қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 11 жылға сотталды. Ал қылмысты тікелей орындаған Исмағамбетов 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2024 жылы, Серікқалиев жазасының өтелмеген бөлігін шартты жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды. Нәтижесінде, сотталған азамат 8 жылын өтепті.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың ақпан айында, Теректі ауданы әкімінің көңілдесіне екі ер адам шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Әйел тірі қалып, оған шабуылдаған адамдарды бірден таныған. Анықталғандай, олар бұрынғы әкімнің қол астында жұмыс істеген болып шықты.

Сотта Жеңіс Серікқалиев өзінің досы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Арман Қажымұратовтан жұбайын өлтіруді сұрағаны анықталды. Мәлім болғандай, олардың ортақ қызы бар болып, әйел оны бопсалаған. Ал тапсырма алған Қажымұратов 500 мың теңге төлеп, жүргізушісі Бейімбет Исмағамбетовті әйелді өлтіруге жалдаған. Серікқалиев орындаушыларға әйелден өзін әшкерелейтін ақпарат бар ұялы телефонды алып кетуді тапсырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?