Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Коронавирус: Қазақстанға бетперде режимі қайта оралды

10:42, 09 ақпан 2024 446
Елімізде қызылша мен коронавирус инфекциясының таралуына байланысты бетперде тағу (медициналық маска) режимі қайта енгізілді. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатқа сай денсаулық сақтау ұйымдарында, адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде кигені жөн. Бұл қызылша, COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың таралуын шектеу үшін қолға алынып отыр.

Бетперде тағу режиміне көшу жұмыстары облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларына жүктелді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар