Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Көрші қыз - қатыгез!". Дәретханадан өлі күйінде табылған 3 жасар қыздың анасы тың дерек айтты

13:49, 21 тамыз 2024 1652

Әжетханадан денесі табылған 3 жасар Асылымның өлімі тұтас елдің қабырғасын қайыстырды. Кейіннен бүлдіршіннің кісі қолынан қаза тапқаны хабарланды. Көрші 16 жастағы көрші қыз күдікке ілінді. Асылымның анасы 16 жастағы көрші қыздың "қатыгез" болғанын баяндады, деп  Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды. 

Асылымның анасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Видеоны AzatNews ақпараттық порталы жариялады: 

Ана жүрегі сезеді деген. Мен қатыгездікпен өлтірілгенін сездім. Осы шындық шыққында шырылдап ұйықтай алмадым. Енді бүкіл Қазақстанға айтқым келеді. Жазалансын! Екінші мәрте қайталанды. Бес жасар қызды да әжетханаға тастағаннан кейін беті ашылып отыр. Бұл бала аман қалды. Көрші бала айғайлағанын естіген. Соның арқасында менің қызымның қасақана өлтірілгенін білдік. Қыз мойындады. Ең бастысы, қыз мойындады - деді анасы.

Кейіннен журналист көрші қыз жайлы ананың пікірін сұрады:

Ол қызда қатыгездік көп еді. Менің балаларымды ұратын. Балаларым ол кеткенде ғана далаға шығатын. Тауықтың балапандарын мысық дем қойғаны үшін өлтіріп, суға тастаған. Балам күшік әкелсе, оны да қапса салып, тоғанға ағызып жібереді. Қатыгездігін білдім, дәлел болмаған соң тіс жармадым, - деді ол.

Еске сала кетейік,  Түркістан облысында 3 ай бұрын көршінің дәретханасына түсіп қайтыс болды деген 3 жасар қыздың адам қолынан қаза тапқаны хабарланды.

Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде жазды. Ulysmedia.kz порталы журналистің жазбасына сілтеме келтіреді.

5 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН

Журналистің айтуынша, Асылымның қырқына дайындалып жатқанда көршілес үйдің тағы бір қызы дәретханаға құлай жаздап, құтқарып қалған. Кішкентай қыздарды қинап, өлтіріп, дәретханаға лақтырып жүрген ересек адам бар деген сөз Сіргеліде желдей есті. Бір ажалдан аман қалған 5 жасар қыз Нұрай өзін кім қорқытқанын, қайда шақырғанын, буындырып ұрғанын бәрін айтып берді. Қыздың көйлегінің ұшын көріп қалған (ол да көрші) 7 сынып оқушысы мұнда не болып жатыр деп құтқарған.

АСЫЛЫМДЫ ӨЛТІРГЕН КӨРШІСІНІҢ ҚЫЗЫ БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Содан іс қайта ашылып, тергеу басталды. Нұрайдың айтқанының бәрі рас болды. Асылымның үйіне 40 жыл қарама-қарсы тұрған көршінің қызы қандықол қылмыскер болып шықты. 16 жасар (атын Жанира деп қояйық) бәрін мойындады. Тергеу Жанираны ауытқуы бар шизофрения деп тапты. Бүкіл ауыл бұл отбасының бір түнде өзге жаққа көшіп кетуін талап етуде. Алла басқа бермесін, қиын жағдай», - деп жазды ол.

Айта кетейік, мамыр айының ортасында таңғы 9-да 3 жастан асқан Асылым ұшты-күйлі жоғалып кетті. Бүлдіршін қарама-қарсы үйдегі дәретханадан табылды. Сарыағаштық сот медициналық сараптама қыз таза, тек беті сырылған, артынан соққы алған, бұл соққы дәретхана тесігіне ұрылғаннан болды, Асылым дәретханаға өзі түсіп кеткен деп көрсетті.

Сонымен қатар, заңгер Айгүл Орынбек жағдайға қатысты пікір білдірді:

Оранған ормалдағы қыз, неге періштелерді өлтіруге құмар болды? Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, “ қыз өз өлімімен өлген” деген қортынды берген еді. Алайда жақында тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен. 
 
Сарығаштағы алдыңғы “көршісі зорлады деген бес жасар қыздың өлімін де, қайта тергеуді талап етемін. Себебі ол қыздың да өлімі маған күдік тудырады. Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер дәлелдейді! Яғни біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз! Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк, өз қылмысын арқарай жасай береді.
Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер! Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, саған кімдер тапсырма берді?, деп жақсылап тергеуді талап етемін! - деді заңгер.
 
 

 

 

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар