Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көшпенділер ойындары: 400 шетелдік БАҚ хабар таратады

17:04, 06 қыркүйек 2024 427

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан шамамен 400 шетелдік БАҚ хабар таратады, - деп хабарлайды Alash.KZ.

Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы халықаралық жарысқа шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы өте жоғары екенін атап өтті.

 
 
 
 

БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1185 өтінім келіп түсті. Мысалы, қазақстандық БАҚ-тан 815 өтінім, шетелдік БАҚ-тан 370 өтінім түскен. Оның ішінде V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жан-жақты насихаттау үшін 92 журналист және танымал блогерлер тіркелді. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews, CCTV, Rai, CBC TV, Balkan Trip TV, TRT Türk телеарналары, National Geographic, Agence-France Presse (Канада), Lonely Planet, Nikkei Asia және басқа да ірі басылымдардың өкілдері бар. Миллиондаған аудиториясы бар блогерлер де әлемдік жарысты насихаттаудан тыс қалған жоқ, - деді дирекция.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде "Қазмедиа" орталығында баспасөз орталығы жұмыс істейді (8 қыркүйек, сағат 16:00-ден бастап).

"Бұл орталықта ашылу салтанатынан тікелей эфир көрсетіледі. Әлемдік стандарттарға сай көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатыспайды. Ашылу салтанаты
8 қыркүйек күні 19:00-де басталады.

Сонымен қатар, "Қазанат" ипподромында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, "Алау" мұз айдынында және "Думан" кешенінде арнайы баспасөз орталықтары да жұмыс істейді. Этноауылда шағын пресс-орталық ретінде жабдықталған киіз үй де бар", - деді дирекция.

Айта кетейік, кеше V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бюджеттен 5,7 млрд теңге бөлінгені хабарланған еді.

Еске салайық, Көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында елордада өтеді. Оған 89 елден 2700-ге жуық спортшы қатысады. Олар 21 спорт түрінен бақ сынайды. 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы сапынан ел намысын 216 спортшы қорғайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар