Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қос азаматтығы бар": Ресей азаматтығын алған абайлық тұрғын елден шығарылды

18:33, 06 қыркүйек 2024 624

Көші-қон қызметі қос азаматтығы бар Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Alash.KZ Dalanews.kz сайтына сілтеп.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, тамызда құқық қорғау органдары биыл маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығы күшін жойғанын рәсімдемеген 54 жастағы ер адамды анықтады.

"Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы екінші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыдан республика азаматының төлқұжатын алып, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын рәсімдегені нақтыланады.

Полицейлер елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, тұрғындардан көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар