Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күдіктілердің жартысы бостандықта жүр". Талғарда баласын бір топ жігіт ұрып өлтірген әке әділдік іздейді

18:36, 07 қазан 2024 650

Алматы облысында көз жұмған 16 жастағы жасөспірімнің отбасы ұлының өліміне кінәлілердің түгел жазалануын сұрап отыр, деп хабарлайды Alash.KZ.

Марқұм Шерзаттың әкесі Бас прокурор Берік Асыловтан көмек сұрады.

“Кісі өлтірілгеннен бері аудан билігі әрекетсіздік танытып, жұмысты кейінге қалдырып отыр. Олар тіпті баламның аты-жөнін де білмейді...

Түн ортасында телефон соғып, өзімізді қорқытып, арыз жазуға мәжбүрлейді. Сондықтан әділ тергеуді сұраймын", – деді марқұмның әкесі.

Марқұмның әпкесі Бақыт Реймованың айтуынша, полицейлер төбелеске қатысушылардың барлығын қамауға алмаған. Төбелеске кемінде 13 адам қатысса, полиция 7 адамды ғана ұстады дейді.

Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні пышақ және тапаншамен қаруланған бір топ адам жасөспірімді өлтіріп кеткен еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?