Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күйеуім өзі тастап кетті, әкем үйге кіргізбеді": Мөлдір Әуелбекова алғашқы некесі жайлы ашып айтты

20:18, 17 қараша 2024 529

Әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында сәтсіз аяқталған некесі туралы сөз қозғап, ажырасуын ата-анасының қалай қабылдағанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

"Бірінші некемде түсініспеушіліктер болды. Бірде Алматыға жұмыс сапармен келдім. Ата-анам Алматыда, біз Астанада тұрдық. Сол аралықта баламның әкесімен арада қатты жанжал болып, ата-анама "Мен күйеуімнен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Алайда әкем маған "Жоқ, сен бұл жерде қала алмайсың" деп үйге кіргізбей, қайтарып жіберді. Отбасыма қайтып барғаннан кейін жағдай одан әрі ушыға түсті. Сол кездегі әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары дұрыс түсінгенде, мүмкін бәрі жақсы аяқталатын ба еді... Бірақ олар "Жексұрын болып, өзі қайтып келді" деп мені түсінбеді.Әркім өз сана-сезімі мен ой түйініне қарай бағалайды ғой. Кейіннен жағдай одан сайын нашарлап, соңында бәрі ажырасуға келіп тірелді.Әкем мені ұзатқанда күйеуіме: “Сүйегі менікі, еті сенікі”, – деп айтқан болатын. Ол дегеніміз “Қызым маған керек емес” деген сөз емес қой. Бұл “Екеуің жарасып, отбасыларыңды сақтаңдар, өле-өлгенше қол ұстасып, бірге болыңдар” деген тілек еді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап жүрдім, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткеннен кейін әке-шешем өз баласы болған соң қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады", - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар