Astana LRT қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланған Қанат Сұлтанбек өткен демалыс күндері Нью-Йорктің қымбат ауданында дүркіреген тойда жүргені видеоға түсіп қалды.
Azattyq Rýhy дәлел ретінде Қанат Сұлтанбектің заңды әйелі Шолпан Сергейқызының әлеуметтік желіде жариялаған видеосын ұсынды.
«Біз қайда бара жатырмыз, табыңыздар!» деген Шолпан Сергейқызы көп ұзамай америкалық жұптың тойынан үзінді көрсете бастады.
Видеодан басқа қонақтардың ішінен той тойлап жүрген Қанат Сұлтанбекті де көруге болады.
«Мен сізді видеоға түсіріп тұрмын» дейді Шолпан Сергейқызы, Сұлтанбекті көрсетіп.
Сұлтанбек әйелінің видеоларында азын аулақ бой көрсетіп, артынша жоғалып кетті.
Айта кетсек, бұған дейін де Astana-LRT құрылысына бөлінген қаражатты жымқырған Қанат Сұлтанбектің АҚШ-та жүргені хабарланған. Ақпаратты Антикор растады. Қанат Сұлтанбек елге бірнеше рет экстрадицияланса да, ұсталмаған. АҚШ заңнамасына сәйкес, қызыл бюллетені бар адам көші-қон талаптарын бұзбаса, оны АҚШ аумағында ұстауға болмайды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Америка арасында қылмыскерлерді беру туралы екіжақты келісім жоқ. Ол жағдайды одан ары қиындатады.
Дереккөз