Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәжіліске жаңа депутат қосылды

11:13, 06 наурыз 2024 371

Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаты,«AMANAT» партиясының мүшесі Нұрсұлтан Байтілесов ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін!», – деді Нұрсұлтан Байтілесов Мәжілістің жалпы отырысында.

Ол Мәжілістің Экономикалық заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі атанды.

Нұрсұлтан Байтілесов – 33 жаста. Бұған дейін Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған. Сондай-ақ Астана, Атырау, Павлодар облыстарының соттарында қызмет атқарған. Әскери сот әкімшісінің басшысы, Шымкент қаласындағы соттар әкімшісі болған.

2020-2023 жылдар аралығында Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылғы ақпаннан бастап Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар