Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәскеудегі теракті: қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, жедел желі қосылды

04:21, 23 наурыз 2024 361

Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар екені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ол Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста екенін жеткізді.

«Біз қазір жағдайдың егжей-тегжейін анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының болуы туралы ақпарат түскен жоқ. Қосымша ақпарат келіп түскен сайын хабарлайтын боламыз. Қазір елшілікте 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі ашылды», - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

 

«Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырған.

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, өрт автоматтан шыққан болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар