Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сенімді жеңіс»: Тоқаев Путинді құттықтады

14:29, 18 наурыз 2024 262

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті. Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті, деді Ақорда.

Айта кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары посткеңестік елдер арасында Путинді алғаш болып Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон құттықтағанын жазған.

Соңғы дауыс берудің нәтижелері Сіздің жоғары саяси беделіңіздің және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оның халықаралық ұстанымдарын нығайту жөніндегі Сіздің мемлекеттік бағытыңызды ресейлік қоғам тарапынан кең қолдаудың тағы бір айқын дәлелі, - делінген Рахмонның жеделхатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар