Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мәслихат депутаты ауыл ақсақалын атып өлтіремін деп сұмдық қорқытқан

18:33, 22 қазан 2024 823

Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихат депутаты Серік Бекмағамбетов Ахметауыл ауылында егде жастағы тұрғынды алдымен атып өлтіремін деп, кейін пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 21 қазан күні болған. Аудандық мәслихаттың депутаты мас күйінде көлік жүргізіп, алпыстағы адамды қорқытқан.

«21  қазан күні Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Ахметауылында белгісіз азамат, ішімдік ішкен күйде 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.  Анықталғандай, ол аудандық мәслихаттың 38 жастағы депутаты болып шықты. Күдіктіге қатысты «ұсақ бұзақылық» бабымен әкімшілік хаттама толтырып, соның шешіміне сай, 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің «қорқыту» және «атыс қаруын заңсыз ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Редакция аудандық мәслихаттың депутаты Серік Бекмағамбетов туралы ақпарат іздеп, әлеуметтік желідегі профилін тапты. Мәслихат депутаты желіде аса белсенді болмай шықты, өйткені, соңғы суретін 2023 жылдың шілдесінде жариялаған.

Сонымен қатар, кезінде өзін-өзі ұсынып, депутаттық сайлауға түскен кездегі агитациялық материалын салған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар