Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мазақ ету: Тойда қалыңдыққа бауырсақ пісіртіп, ата-енесіне жегізген видео тарап кетті

07:22, 26 қараша 2024 116

Тойда түсіріліген видео қазақстандықтарды ызаландырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан той көйлегін киген қалыңдық залдың ортасына шығарылғанын, алдына қыздырылған май құйылған қазан мен келісілген қамыр әкелінгенін көруге болады. Қалыңдыққа сол жерде бауырсақ қуырып, ата-енесіне жегізу тапсырылады. 

Видеоға жазылған желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. 

"Үйленгенде келіннің не істей алатынын білу үшін емтихан тапсыруы өте дұрыс. Оның үстіне қонақтар да көреді, өте дұрыс”,  "Бүгін пісірмесе болмайды ма? Мазақ қылу", "Бұл қандай сән? Бірінші рет көріп тұрмын. Жастарға тойлауға уақыт беріңіздер, бұл олардың күні", "Таңертең қуырса да болады ғой, міндетті түрде тойдың ортасында күштеп жасату керек пе?", "Неге бірден ішек-қарын тазалауға бермедіңіздер?", "Келінді мазақ ету", "Жындыхана", – делінген пікірілерді. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар