Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мектептегі заңсыздық мемлекетке 160 млн теңге залал келтірді

08:50, 21 ақпан 2024 389

Алматы қалалық прокуротурасы 330 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты ұрланғанын хабарлады. 

Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде жалақыға арналған бюджет қаражатын, бас бухгалтердің ұрлағанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылық мемлекетке 160 млн.теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша қаражатын аудару жолымен жасалған.

Осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықталған.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Фото: ашық дереккөз

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар