Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

12:30, 03 наурыз 2024 403

Белгілі саясаттанушы, публицист, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды alash.kz сайты, қаралы хабар туралы журналист Мәди Манатбек өз парақшасында жазды.

Қоғам қайраткерінің қазасы туралы хабарды желіде жақындары мен жанашырлары жеткізе бастады. 

“Сейдахмет Құттықадам жазған әр кітабында, берген әр сұхбаты мен зерттеуінде демократия құндылықтарын насихаттайтын. Қатты айтса да анығын айтып, мемлекетті басқарудың мансап қана емес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік екенін, сондықтан ел билегендердің ең алдымен жанашыр болуы керектігін жете түсіндіретін”, – деп жазды Instagram желісінде Мәди Манатбек.

Сейдахмет Құттықадам 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітіріп, өзінің дипломатиялық қызметін 1998 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің Еуропа және Америка басқармасының референті қызметінен бастаған.

Кейіннен республикалық басылым – "Арай" журналының, "Время-Дәуір" және "Эпоха" газеттерінің бас редакторы қызметін атқарды. 

Қазақстанның ардагер журналисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Вызов времени", "Миражи и реалии", "Служение нации", "Казахская драма" атты төрт кітаптың авторы. Сондай-ақ ол республикалық, одақтық басылымдардағы,"Аргумент и факты", "Вокруг света" сияқты газеттердегі 500 авторлық мақалалардың авторы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар