"Хабар" агенттігі АҚ-да ол 2019 жылдан бері істеді. Қазір басқарма төрағасы міндетін атқарушы ретінде Ринат Кертаев тағайындалды. Ол "Хабар" агенттігі АҚ-тың басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған" деп жазылған агенттіктің жұма күнгі хабарламасында.
Ерлан Бекхожин ресми БАҚ-та ұзақ жыл қызмет атқарған. "Хабар" агенттігі басшылығына келгенге дейін ол президент телерадиокешенінің бас директоры болған. Оған дейін "Литер", "Айқын" сияқты ресми басылымдардың баспашысы болды.
Бұған дейін мемлекеттік "Хабар" телеарнасының өзінде қоғам назарын аудартқан бірқатар жайттар болған. Қаңтар оқиғасынан кейін аталған арнадағы жоба авторы әлеуметтік желіде жазба жариялап, мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің "әрекетіне" наразы болған. Кейін жазба желіден алынып тасталды. Журналистің өзі ақпарат құралдарына түсініктеме беруден бас тартты.