Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мемлекеттік тіл міндеттелді": Қазақстан азаматтығын алудың тәртібі өзгерді

12:22, 14 қазан 2024 392

Қазақстан азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге ​​қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды Alash.KZ.

Талап ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен бекітілді:
 
Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл;

 Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл;

 Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет.

Бұйрық 12 қазаннан бастап күшіне енді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?