Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мемлекеттің алға қойған мақсаттарын таңба арқылы халыққа жеткізе білу керек - Жаңа Адамдар

18:07, 03 сәуір 2024 329

Оның айтуынша, кәсіби дизайнер не суретші болмаса да Елтаңбаға мемлекеттің алға қойған мақсаттарын белгілейтін символдар керек.

Хабар телеарнасында «Елтаңба өзгере ме?» тақырыбы аясында бағдарлама түсірілімінде "Жаңа Адамдар" жастар қозғалысының мүшесі Алмат Қуаныш өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Жүргізуші тарапынан «Жаңа Адамдардың» жүргізген сауалнамасына қатысты «қанша респондент қатысқанын, қай қалаларда, қанша жас аралығында» деген сұрақтар қойылды.

«Бұл сауалнаманы біздің белсенділеріміз Астана және Алматы қаласында өткізді. Сауалнамаға 500 ден астам әр түрлі жастағы адам қатысты. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы Елтаңбамызды қандай бейнеде екенін білмейді. Елтаңбада бейнеленген құста айдаһар суреттерін таңдағандар болды. Олардың қандай мағынада екенін түсіндіруге тырысты.

Олар тіпті Елтаңба бейнесінің қандай мағына беретінін де түсінбейді. Мемлекеттік статустағы Елтаңбамыз елдің бағыт-бағдарын және алға қойған мақсатын бейнелеу керек. Ал ондай құндылықтарды халқымыз білмесе және түсінбесе, сезінбесе Елтаңба өзінің басты функциясын орындап тұрған жоқ деген сөз», - деді Алмат Қуаныш.

Оның айтуынша, қазіргі Елтаңбада құндылық жоқ және түпкілікті қате дегенді білдірмейді. Кез-келген мемлекет, уақыт әрдайым қозғалыста болады. Сол өзгерістерге бейімделе білу керек. Мемлекеттің алға қойған мақсаттары мен ұстанымдары өзгерсе осы таңба арқылы халыққа жеткізе білу керек.

Соңғы өткен Құрылтайда Президентіміз жаңа Әділетті Қазақстан құру үшін – біздің қоғам білімге құштар, еңбекқор, шығармашыл деген сияқты қасиеттерге ие болу керек деді.

«Біздің жүргізген сауалнама бойынша ешқандай тұрғын ондай сипаттама туралы айтпады. Олар тек Қазақстан туралы көзқарастарын айтты. Мемлекеттің қойған мақсаттары халыққа айқын емес», - деді ол.

Оның айтуынша, кәсіби дизайнер не суретші болмаса да Елтаңбаға мемлекеттің алға қойған мақсаттарын белгілейтін символдар керек.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі геральдикалық зерттеулер орталығының бас маманы Асылжан Бижановтың айтуынша, Президенттің айтқан сөзінде екі идея жатыр. Соны қоғам талқылауына салып шешуіміз керек.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар