Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес (61-2-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволмен (23-0, 12 КО) реванш өткізу жөнінде ойын айтты, деп жазады Alash.KZ Ulyssport.kz сайтына сілтеп.
Канело 2022 жылдың мамырында Биволдан WBA желісі бойынша титулды алу үшін жеңіл салмаққа көтерілген, бірақ 12 раундтық жекпе-жекте Биволдан жеңіліп қалған.
– Иә, бәрі мүмкін. Бұл – мені тағы жартылай ауыр дивизионға көтеретін жалғыз жекпе - жек", - деген Альварестің сөзін Pound4pound келтіреді.