Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мені Қуандықтың әкесі екі рет ұрды" - Бишімбаевтың бұрынғы әйелі

20:18, 15 сәуір 2024 1799

Бүгін Бишімбаевтың сотында айыпталушы бұрынғы әйелін көлігін ұрлап, бопсалады деп айыптады. Назым Қаһарман экс-жұбайының айыптауына өз жауабын берді. 

Назым Қаһарман Нүкенованың өлімінен кейін балалары үшін алаңдағанын, сол үшін Бишімбаевтың анасынан көлік сұрағанын жеткізді. Айтуынша,экс-министрдің шешесі түрлі сылтау айтып, бірде-бір көлікті бермеген.

“Кісі өлтірілгеннен кейін алғашқы күндерде балаларым үшін қатты уайымдадым. Оларды үнемі бақылап отырғым келді. Үшеуін де бірдей автобуспен жеткізе алмайтынымды біліп, Қуандықтың ата-анасынан көлік сұрадым. Себебі желіде түрлі жағымсыз пікірлер болды. Әрине мен ана болған соң қатты алаңдадым. Мені тек балаларымның жағдайы алаңдатты. Бишімбаевтың анасының сөзінше, барлық көліктер тергеу изоляторына зат тасу және адвокаттарды апару үшін керек. Бұл жерде бір ғана қорғаныс болуы керек еді - шын жүректен мойындау. Ал қазір – цирк болып жатыр. Жалпы көлік беруден бас тартты. Ол немерелерім аман қалады деп жауап берді”, – деді Назым.

Сондай-ақ ол 11 қарашада Бишімбаевтың ата-анасымен арада жанжал болғанын айтты.

“Екеуміз ажырасқанда Қуандықтың мүлкі болмады. Бірақ мектептің ақшасын төлеп, қамқорлық жасап, барлығын реттейтін әке болды. Қуандық адам өлтірген соң, балалардың жағдайы үшін, оның әкесіне қаржы мәселесін көтердім. Қуандықтың әкесі мені саудагер деп атап, екі рет ұрды. Мұның бәрін қызым көрді”, – деді Назым.

Назымның айтуныша, қиын жағдай кезінде көмек қолын созған жалғыз адам Бақытжан Байжанов болған. 

“Балаларға қолдау көрсеткен, әке жағынан жалғыз туысы – Бақытжан болды. Ол бізге өзіне тіркелген көлікті алып кетуді ұсынды. Сол кезде ол Қуандықты “мал екен” деп айтты. Көлікті балалар үшін алдым. Нәтижесінде мен ұры болып шықтым. Айтпақшы, Қуандықтың ата-анасының Алматыдағы пәтерінің құлпын қашан ауыстырғанын білмеймін. Жаңа жыл қарсаңында балаларым заттарын алуға барды да, ол жерде ешкім болмаған соң заттарын ала алмады”, – деді Назым Қаһарман. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар