Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мені сексаулды құлдыққа сатып жібергісі келеді". UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыздың жанайқайы

16:29, 20 мамыр 2024 669

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова жекпе-жегі алдында үйсіз қалатынын және  сексаулды құлдыққа сатылып кетуі мүмкін екенін айтты. 

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегі алдында үйсіз қалатынын мәлімдеп, көмек сұрады.

“Бір аптадан кейін тағы үйсіз қаламын. Сіздерге таңғаларлық жағдай ма? Маған жоқ. Дәл UFC-дегі жекпе-жектің алдында үйсіз қалу Америкадағы өмірімнің бір бөлшегіне айналып бара жатқан дүние. Баспана жалдайтын жағдайым да, ақшам да болмағандықтан, бір аптадан соң бас сауғалайтын орын іздеуге мәжбүр боламын. Қазір адамдарға сенуден қалдым. Адамдар мені қанап, пайдаланып қана қоймай, жеке шекарамды бұзып, өміріме қол сұғып жатыр. Соның ішінде, мені сыртымнан сексаулды құлдыққа сатып жібергісі келеді. Адамды қанайтын емес, көмектескісі келетін қайырымдылық қорын білетіндер бар ма? Өтініш, маған жазыңыздаршы”– деді Мария. 

Айта кетейік, Мария Агапова UFC тұжырымында 5 жекпе-жек өткізіп, соның екеуінде жеңіске жетсе, үш рет қарсыластарына есе жіберген. Ол соңғы рет шаршы алаңға 2022 жылы шықты. Екі жылдық үзілістен кейінгі жекпе-жегін Агапова 13 шілде күні, бразилиялық Лунано Сантосқа қарсы өткізеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар