Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мөлдір бұлақ: Жетісуда су қоймалары мен өзен арналары тазартылды

16:05, 10 мамыр 2024 403

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алғаннан бері облыс тұрғындары, волонтерлер, жастар ұйымдары, медициналық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сонымен қатар, өңір спортшылары мен өнерпаздары – жалпы  103 мыңнан астам адам атсалысып, 803 техника жұмылдырылды. Экологиялық акциялар нәтижесінде 4 875 тонна қоқыс шығарылды. Облыс аумағында жалпы 29 514 түп ағаш отырғызылды.

Бүгінгі таңда аталмыш акцияның «Мөлдір бұлақ» науқаны жалғасуда. «Мөлдір бұлақ» – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялардан тұрады.

Кербұлақ ауданында да экологиялық шаралар легі жалғасын тауып, Басши ауылындағы Аралтөбе және Енкөл су қоймаларына тазарту жұмыстары жүргізіліп, аумағына сенбілік жасалды. Шараға барлығы 110 адам қатысты.Ал, Ескелді ауданы Көкжазық, Қайнарлы ауылдарына қарасты бұлақтардың көзін, өзен суларының арнасын ашты. 70 астам тұрғындар мен еріктілер қатысқан эко-шара нәтижесінде 6 тонна қоқыс шығарылып, 2500 м2 аумақ тазартылды.Аталмыш шаралар Алакөл ауданының Сапақ, Теректі, Қызылащы және Жанамаауылдарында арық жүйелері тазартылып, бұлақ көздері ашылды.

Жалпы облыс бойынша осы аптада 20 мыңға жуық адамның қатысуымен, 50 экологиялық шара жоспарланған.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар