Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мұхамеджан, қанша қазақты Сирияға жібердің?"

08:47, 28 қаңтар 2022 261

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы "Talim tv" арнасының басшысы Мұхамеджан Тазабекті қазақтардың Сирияға кетуіне кінәлі деп санайды екен.




Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды alash.press. 






Мұхамеджан Тазабек Facebook желісінде "Кеше ғана жастарды қоздырып, отқа, оққа айдағандар, бүгін соларға жанашыр, қамқор боп шыға келді. Аңқау ел әлі араңдауда... " деген жазба қалдырған еді.




Мұны көрген Сәуле Әбілдаханқызы өз парақшасында Тазабекке ауыр айып тақты. Журналист "Мұхамеджан, жылдар бойы қанша қазақты шиеттей бала-шағасымен Сирияға жібердің?" деп жазған.




Сәуленің бұл жазбасына пікір қалдырушылар автордың ойын қолдайтынын білдірді. Тіпті, бір оқырман "Сол жерге барып, уағыз айтпады ма? Хадис оқымады ма? "Бұзақылық жасау, кісі өлтіру, бүлдіру — күнә" деп айтпады ма?" деген пікір қалдырыпты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар