Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәләфилер "Қаңтар қырғынын" сопылардың мойнына іліп жібере ме?

04:44, 27 қаңтар 2022 241




"Қаңтар қырғыны" операциясын бастан-аяқ жүзеге асырған Қазақстан полициясы елде жүрген Қырғызстан азаматтарына шүйлігуінің себебі, солардан "терроршы жасауға" құлшына кірісуінің себебі айқындала бастады.



Қаңтар қырғынын Қазақстанда экстремистік деп (2018 жылы) танылған «Йақын Инкар» (Йақын - Құдайға көзсіз, ессіз, дәлелсіз сену, яғни Құдайға көзсіз сенуге іңкәр болу) ұйымына іліп жібермек. Бәріне кінәлі солар болып шығады.



«Таблиғи Жамағат» атты ұйым бар. Олардың алып бара жатқан қақ-соғы жоқ, бейбіт дағуат айтып жүреді. Бірақ Қазақстанда экстремистік деп танылған. Бұлардың орталығы - Үндістан мен Пәкістанда. Бейбіт дағуатшылар Қырғызстанда да емін-еркін қаптап жүреді.





Ал «Йақын Инкар» сол ұйымның соғысқұмар жауынгерлік қанаты деп айтылады. Олар Ауғанстанда тәліптермен тізе қосып әрекет етіп жүр. Бұл екі сопылық ұйымды Түркиядан шыққан "Бозғұрттармен" (боз- сұр, құрт- қасқыр) салыстыруға болады. "Бозғұрттардың" ұлтшыл (пантүркішіл) қанатының мүшелеріне намаз оқыса да, оқымаса да болады - "Тұран одағы" идеясын бәрінен жоғары қояды. Ал "Бозғұрттардың" соғысқұмар жауынгер қанатында бес уақ намаз міндет. "Қарабақты" азат етуге қатысқан солар. "Қаңтар қырғынына" байланысты ұсталған "Жабайы Арман" "бозғұрттардың" осы жауынгерлік қанатымен әмпей-жәмпей боп жүрген. Оның үстіне Балғынбек Имашев, Бекболат Тілеухан, Т.Рысқұлбеков, М.Тазабек секілді сәләфилік көзқарастағы кісілермен ішкі бауы байласып жатқанын білеміз. Намазхан "Жабайы Арманның" "екі қайыққа" қатар мініп алуының себебі осында.



Рас, "дағуатшылардың", "іңкәршілердің" "бозғұрттармен" мазхабы (ханафи), ақидасы (матруди) бірдей. Ал сәләфилердікі мүлдем бөлек. Бұл жерде деструктивті ұйымдардың артқы қуысына кімнің, қайсы елдің жел үрлеп отырғаны да маңызды. Егер "Қаңтар қырғынында" Түркиядан "іссапармен" Алматыға жіберілген "Жабайы Арманның" арандатушылық рөлі ерекше десек, онда мынау қан қасаптың күнәсін Қырғызстандағы "дағуатшылар" мен Ауғанстандағы "іңкәршілердің" мойнына қалай ілмеміз? Бұған Ауғанстанды билеп-төстеп отырған "тәліп" үкіметі не дейді? Тәліптердің де мазхабы - ханафи, ақидасы матруди ғой.

Ораз Әлімбек, фейсбук парақшасынан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар