Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

МУЗЕЙТАНУ МАМАНДАРЫНЫҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КЕЗДЕСУІ

08:57, 15 ақпан 2024 323
Самарқан, көптеген ұлттардың тарихы мен ұрпақтардың өткерген жолын көрсете білген әлемнің ежелгі шаһарларының бірі. Темір әулетінің билік құрған уақытында бой көтерген және де шаһардың бетке ұстар нышанына айналған бірегей сәулет өнерінің ескерткіштері маңыздылығы жағынан Ежелгі Мысыр, Қытай, Үндістан, Грекия мен Римнің сәулет өнері жауһарларынан еш кем түспейді.



Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауы мен директор Л.Қ. Сағындықова жетекшілігіндегі «Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің» мамандары музейтану саласындағы «Креативті және мәдени индустриядағы жаңашыл технологиялар» тақырыпты Халықаралық форумы аясында 2023 ж. сәуірінде осы керемет қалаға қазақстандық делегацияның сапары жүзеге асырылды. «Музеология Франция + 5» жобасы музей қызметкерлерін бір араға жинап, музей ісінің дамуының жаңа бағыттары мен тарихи жадты сақтау мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді. Осыған дейін де 2022 жылдың қазанында Алматыда өткен кездесуге қатысқан едік. Енді биылғы жылдың сәуірінде Өзбекстанның көне топырағында ұйымдастырылған кезекті кездесуге де қатысушы болу мүмкіндігіне ие болдық.

Самарқанда өткен осы бірнеше күн ұмытылмас эмоциялар қалдыра білді. Көптеген жаңа таныстықтар мен пайдалы кездесулер, жаңа әсерлер мен шығармашылық идеялары, Регистан майданы, Гүр-Әмір, Бибі Ханым мешіті, Шах-и-Зында, Афрасиаб кешендері, Ұлықбек обсерваториясы, Әулие Данияр (Даниял) кесенесі және т.с.с. сияқты зиярат қылынған 20 астам тарихи нысандардың бірқатары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы тізіміне іліккен.

Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қазақстан және Франция делегациясының баяндамалары тыңдалды. Орталық Азия аумағындағы мәдени кеңістікте өзекті, музейлердің мүмкіндіктері мен мәселелері сұрақтарын қозғаған Өзбекстан мамандарының, атап айтқанда «Регистан» ансамблінің жөнделуі мен пайдаланылуы дирекциясының директоры Ханқұл Самаровтың, Қарақалпақстан Республикасының Тарихы мен мәдениеті Мемлекеттік музейінің директоры Айжамал Юсупованың, Мұхтар Ашрафи музей-үйінің директоры Наталья Константиновна Гунованың баяндамалары аса қызықты болды. Қырғызстандық әріптестердің, оның ішінде «Сүлеймен-Тау» Ұлттық тарихи-археологиялық кешені бас директорының м.а. Хайролла Ибайдулаевтың баяндамасы да ерекше әсер қалдырды. Музейге келушілердің ерекше санатына арналған тактильді қондыртпалардың қолданылуы мәселесі Tactile Studio мекемесінің бас директоры Аньес Шевалье тарапынан баяндалып, мәдени мұра мен оны сақтаудағы жаңа технологиялар мен амалдар Memorist Халықаралық даму мекемесінің директоры Изабель Лесеа Сан Романның баяндамасынан көрініс тапты, VR Journey мекемесінің негізін қалаушысы әрі бас директоры Сильвер Бесстің баяндамасында келтірілген толықтырылған шынайылық технологияларын іс жүзінде сынап көру мүмкіндігі болды. Dualest SAS бас директоры Гийом Дюбюи мен компанияның дамуы жөніндегі директоры Софи Ланфранши қорытынды баяндамаларымен аяқталды.

Д.А. Қонаев музейінің таныстыруы «Мемориалды музейлердің жұмысындағы заманауи амалдар мен жаңа көзқарастар» тақырыбын қамтып, музей жұмысы, музейге ре-экспозиция жасаудағы әдістер мен амалдар мәселелерін баяндады. Музейдің жиырма жылдық қызметі бойы жұмысының басты бағыты – Д.А. Қонаевтың тарихи мұрасын сақтау мен зерттеу, сонымен бірге мәдени-ағартушылық жұмысты жүргізу еді. 2021-2022 жылдары музей ре-экспозициядан өтіп, заманауи музей технологиялары енгізілді. Түрлі салалардағы мамандардың біріккен ғылыми және шығармашылық жұмысының арқасында, музейдің жаңа экспозициясы ҚазММ ҒЗЖИ (Қазақ материалды мәдениетті ғылыми-зерттеу және жобалау институты) тарапынан жасақталды.

Музей экспозициясы Қонаевтардың шежіресінен басталып, Дінмұхамед Ахметұлының өміріндегі түрлі кезеңдердерді қамтыған: балалық шағы, білімі, еңбек жолының бастау алуы. Экспозицияда ақпараттық тақталар мен интерактивті сенсорлы экрандардың қолданылуы Д.А. Қонаевтың естеліктерін естеліктерін түпнұсқалық деректермен, фотосуреттермен, кинохроникамен толықтыру мүмкіндігін берді. QR-кодтары экскурсияны өз бетімен қазақша, орысша және ағылшынша тыңдау мүмкіндігін туғызды. Экспозицияда мәтіндік, онымен қоса дыбыстық әрі бейне ақпарат да пайдаланылады, Д.А. Қонаевтың өз дауысының жазбалары және фотосуреттері негізінде жаңғыртылған бейнесі шынайылық әсерін одан бетер күшейтеді.

Баяндама барысында Д. Қонаевтың көшбасшылық қасиеттері жайлы, Дінмұхаммед Ахметұлының 30 жасында үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалғаны, көп мәрте депутаттықа сайланғандығы турасынан да сөз етілді. 1942-1952 жж. үкімет басшысының орынбасары қызметінде республика көлеміндегі жетекші лауазымға ие болды. Оның қарамағында түсті металлургиядан бөлек, көмір, мұнай өндіру салалары, теміржол көлігі қатынасы, қорғаныс зауыттары, әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері де қамтылды. Қазақстанның қорғаныс қабілетін соғыс қажеттіліктеріне қарай лайықтау жұмысында Дінмұхамед Ахметұлы өзінің шебер ұйымдастырушы және шаруагер ретінде көрсете білді. Кейінгі жылдардағы елдің бірінші жетекшісі лауазымында да бұл талаптарға толығымен лайық болды.

Д.А. Қонаев басшылығындағы 43 жаңа қаланың, 68 аудан орталығының, мыңдаған елді-мекеннің бой көтеруі қызықты да пайдалы дерек сипатына ие болды. Салыстыру мысалында 1920-1955 жылдар аралығында халық шаруашылығының дамуының алғашқы кезеңі болып есептелсе, 1955-1986 жж. өндіріс көлемі 1920-1955 жж. салыстырғанда 7 есеге артты. Қазіргі таңда Қазақстан өзінің жарқын болашағына ерекше сенімділікпен қарауда, өйткені индустриалды-аграрлық дамудың негіздері Д.А. Қонаевтың жетекшілігі кезінде қалыптастырылды.

Д. Қонаев музейінде мультимедиалық технологиялардың, ақпараттық контенттің, тарихи жәдігерлердің және архивтік материалдарды зерттеудің, сонымен қатар Дінмұхамед Ахметұлының «Ақиқаттан аттауға болмайды» естеліктер кітабының көмегімен сол дәуір туралы толығырақ білуге болады. Шағын 154 шаршы метрлік музей ғимараты «Қонаев дәуірі» деп халықтың ризашылығымен жадта қалған кезеңді, Қазақстан тарихын айқын көрсететін үйлесімді әрі жайлы музей кеңістігі бола алды.

Дінмұхамед Ахметұлы тұлғасына қатысты қызығушылық жылдар өте сөнбей, керісінше артуда, соған байланысты 100 жылдық мерейтойына орай Д.А. Қонаевтың 1969-1993 жж. аралығында тұрған мемориалды пәтер-музейі ашылды. Келушілер 1980-1990 жылдардың күйіне сіңе отырып осындай ұлы тұлғаның өмірі мен тіршілігімен таныса алады.

Мемориалды пәтердің ішкі көрінісінің толықтығы мен шынайылығы музейдің ерекше құндылығын арттыруда. Көрме материалдары Дінмұхамед Ахметұлы қандай қарапайым әрі сыпайы кісі болғандығы, қалай өмір сүріп, бос уақытын қалай өткізіп, немен әуестенгендігінен хабаррдар етеді.

Алматы қаласы мен облысының оқу орындарындағы студенттер мен оқушыларды Д.А. Қонаев музейінің жұмысымен таныстыру мақсатында қызметкерлер жүйелі түрде дәрістер оқып тұрады. Білім беру, қоғамдық және ғылыми мекемелермен екіжақты келісім-шарттар жасасу арқылы музейге келушілердің санын арттыру жұмысы қамтамасыз етілуде.

Көптеген музейлер өз мұрағаттары, фотосуреттері мен қорларына шексіз қолжетімділікті іске асыра отырып мәліметтердің ашықтығы жаһандық қозғалысына қосылды. Бұл мәселеде Д.А. Қонаев музейі де шетте қалмады. «Алақай, алақай, музейде балақай» (2016) Қалаға бағытталған жобасы сынды музей жобалары аясында белсенді жұмыстар жалғасуда. Аталмыш жоба аясында «Көшелер сыр шертеді» атты музей бағдары бойынша жаяу жүргіншілер үшін экскурсия дайындалды. Музей бағдарлары инновациялық және сұрансықа ие бола білді, «Қала музейге ығысты, ал музей қалаға шықты».

«Музейлер – әлеуметтік өзгерістердің агенттері» (2018-2021) музей жобасы ТМД бірқатар музей ісі мамандарын біріктіре білді. Жоба жұмыстарында Youtube видеохостингісінің қолданылуы музей ісінің жетекші маманы, туризм саласына еңбек сіңірген қызметкер Б.К. Оразымбетованың бөліскен құнды деректерінің кең ауқымда таралуына мүмкінідік берді.

Д.А. Қонаев музейі 2022 жылы республикалық «Рухани қазына» байқауында «Ең креативті музей», ал жыл қорытындысы бойынша Алматы қаласы Музей бірлестігінің «Үздік музейі» атына ие болды.

Жыл сайын музей бірнеше буынның ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерін тұрақты бір араға топтастыратын «Д.А. Қонаевтың сүйікті әндері» концертін ұйымдастырып, өткізіп тұрады. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қызметін дәріптеу мақсатында көшпелі көрмелер де ұйымдастырылп тұрады. Алдында көрсетілгендей көшпелі көрмелер Қазақстанның түкпір-түкпірінде, яғни ірі қалаларда, аудан орталықтарында, ауыл-аймақ, елді мекендерде өткізіледі. Мерейтойлық 2022 жылы «Ел есіндегі ғұмыр» атты көшпелі көрмесі Риддер, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Қонаев қалаларында өтті. Д.А. Қонаевтың есімі Қапшағай қаласына берілгендігі қуантарлық жағдай, қзіргі таңда қала Қонаев қаласы деп аталады.

Ағайынды өзбек және қазақ халықтарының қарым-қатынасы туралы Д.А. Қонаев естеліктерімен бөлісіп, Ш.Р. Рашидов тұлғасына келесідей баға береді: «…Сол қиын-қыстау соғыстан кейінгі жылдары да майданнан қайтып келген Рашидов кең дүниетанымымен, ақыл-парасатымен, ұстанымдарына беріктігімен, ұйымдастырушы дарынымен ерекшеленетін. Сондықтан жастай оған түрлі маңызды лауазымдар сеніп тапсырылатын. Мемлекет қайраткерінің қалыптасуы оның ерекше қызығушылығы – тілшілік, жазушылық жұмысымен қатар жүрді. Әдебиетші Шараф Рашидовтың аты әлі де көпшілікке белгілі». 1992 жылы Ш.Р. Рашидовтың мерейтойына байланысты Д.А. Қонаев Өзбекстанға барғанда, сөз берілген соң, тұлғамен жолыққан кездері туралы ыстық естеліктерімен бөлісті. Жизақ әкімшілігі өкілдері Тұрсынов пен Әлімов Глава Қазақстан делегациясына қатты көңіл бөліп, жылы қарсы алды. Д.А. Қонаевтың өзі жазғандай: «...Жизақтан соң Самарқан басшысы Әбдірахимовтың шақыруымен, әкім орынбасары Құдайқұловқа ере біз көптеген тарихи жерлермін таныстық. Жиынды аяқтарда Ислам Кәрімов маған ұлттық өзбек шапанын иығыма жауып, жылы қоштасты». Дінмұхамед Ахметұлы И.Ә. Кәрімов туралы естеліктерімен осылайша бөліседі, өз алдына Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президентінің аты Алматының орталығындағы бір көшеге берілді.

Қорыта келе, бұл кездесу Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қазақстан мен Францияның музейлері, ғылыми және салалас ұйымдар мен мекемелердің одан арғы ынтымақтастығының жақсы негізі бола білді дей кету керек. Сонымен бастама, форум жұмысы аяқталмай, интернет кеңістігінде жалғасты. Мысалға, музей ісі мен тарихи мұраны сақтау саласына байланысты мәселелер кездесу нәтижесінде Salisbury компаниясының негізін қалаушысы әрі бас директоры Паскаль Реньенің басшылығымен құрылған тобында талқыланады. Осы орайда республикалық интернет-форумын құру, мәдениет саласы қызметкерлерінің жұмысында басшылыққа алатын жаңа әдістерімен қамтамасыз ету, осы форум жұмысын халықаралық ғылыми-мәдени қауымдастықтар арасына кірістіру сияқты мақсаттарын көздейтін ұсыныс беріледі. Д.А. Қонаев музейі «Dualest» жобасының ұйымдастырушыларына, Самарқан басшылығы, Мәдени мұра агенттігі директорының бірінші орынбасары – Құзиев Тұрсынәлі Кәрімжанұлына, қонақжай өзбек халқына және осы кездесудің барлық қатысушыларына шексіз алғысын білдіреді.

2023 жылғы сәуірдегі Самарқан форумының жалғасы іспетті Д.А. Қонаев музейінің тағы бір қызметкері, ғылым бөлімінің жетекшісі Н.С. Жүсіпбаева 2023 жылдың 2-11 желтоқсаны аралығында Францияның астанасы Парижде Ескерткіштер бірлестігінің институты директоры Бенедикт де Баритоның «Жаһандық тәсілдердің бір бағыты – келушілерді қарсы алу» тақырыбында оқыған дәрістерін тыңдап, кәсіби тәжірибесін шыңдады. Бір тұсынан мәдениет, бір жағынан музей саласының мамандарын біріктірген осындай игі бастамалар әлі де жалғасын тауып, мамандарымыздың бәсекеге қабілетті, жан-жақты кәсіп иесі болып қалыптасуына зор үлес қосар деген ниеттеміз.

Е.И. Кубашева

Мәдениет саласының үздігі,

Д.А. Қонаев музейінің жетекшісі

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар