Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жыл басынан бері қанша адам қандас мәртебесін алды?

08:16, 16 ақпан 2024 315
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алғанын мәлімдеді.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы (48,9%) Қытайдан, 29,6% – Өзбекстаннан, 8,3%  – Моңғолиядан, 4,4% – Ресейден, 7,3 Түрікменстаннан  және 1,5% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6%-ды және зейнеткерлер 10,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15%-ы жоғары білімді, 20,2%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 10,2%-ының білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 332 қандас қоныс аударды.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар