Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Назарбаевтың өзін құрбандыққа шалып жіберу оңай" - Дос КӨШІМ

10:05, 09 ақпан 2024 312
Белгілі саясаткер Дос Көшім ASSYLTAS TV бағдарламасында Жаңа Қазақстанда Назарбаевқа қандай қауіп барын айтыпты.

Д.Көшімнің пікірінше, Тоқаев - ескерткіш орнату, есімін маңызды нысандарға беру мәселесіне келгенде мәдениетті адам.
"Қасым-Жомарт ағамыз - мәдениетті, парасатты адам. Ол ондай нәрсеге жол берген жоқ. Менің ойымша, келешекте таяқтың ұшы Назарбаевқа тиюі әбден мүмкін. ...Тоқаев мырза осы жүйені сақтап қалу үшін, күресіп жатқанын көрсету үшін Назарбаевтың туыстарын құрбандыққа шалады. Одан кейін Назарбаевтың өзін құрбандыққа шалып жіберу оңай. Себебі билікті сақтап қалу үшін соған баруға тура келеді. Қазір "Әділетті Қазақстан", "Жаңа Қазақстан" деген ұрандармен жүр ғой. Кешіріңіздер, барлығы көріп отыр ғой, жүз пайыз Ескі Қазақстанда болған адамдар", - дейді ол.

Сондай-ақ, саясаттанушы трайбализмді қолдамайтынын, алайда ел ішінде "жалайырлар билікке келіп жатыр" деген әңгіме бар екенін жеткізді.
"Қазір жалайырлар көбейіп кетіпті, КНБ-ның бастығы жалайыр екен, Олжас ініміз де жалайыр екен" деген сөздер көп. Бұған өз басым күле қараймын. Бізден де үлкен адамдардың шығаратыны ма?! Рушылық бөлінуді, трайбализм мәселесін еш уақытта мойындамайтын адаммын. Қазақта ру жоқ болса, топтаспай ма? Топтасады. ...Рушылдықты саяси адамдарды топтастырудың құралы ету де бар. Әсіресе, бұл сайлауда көп көрінеді. Мәслихаттың сайлауында өте көп, өзім көрдім. "Анау атаның баласына дауыс берме, мынау өзіміздің адам" дегенді көрдім", - дейді Дос Көшім.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар