Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Негатив қалып қояды". Сарапшылар Бишімбаев сотын қарамау керек дейді

17:54, 26 сәуір 2024 675

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысын қарайтын қазақстандықтардың санында есеп жоқ деп хабарлайды alash.kz.

Сот отырысы оны үзбей көретіндердің психологиялық жай-күйіне қалай әсер етеді? Негатив қаптамай ма? Жалпы осы сот процесінің қоғамға әсері қандай? Осы тақырып төңірегінде inbusiness.kz сайты сарапшыларддан пікір алған.

"Әрине, негатив қалып қояды. Ұзақ уақыт осындай негативті нәрсе көру бұл сезімді қалдырады деп ойлаймын. Мұнда басты кейіпкер Бишімбаевтың өзі болып отыр. Оған деген жек көрініш, соның бет әлпетінде бүкіл агрессорларға, ер адамдарға деген негатив, одан соң әр сот отырысында ашуды қоздыратын дүниелер болып жатыр. Соған сәйкес адамдарда белгілі бір дәрежеде агрессия, негатив басым болуы мүмкін. Мысалы, егер бұрын әйелдер жолдасымен ұрысып қалғанда бұл жағдай жұмсақ өтетін болса, мына сотты тұрақты көріп жүргендер күйеулеріне әлдеқайда агрессивті түрде жауап беріп, қарсы шығуы мүмкін. Бишімбаевқа деген ашуын қасындағы ер азаматынан алу қаупі бар", - деді отбасылық психолог Ержан Мырзабаев.

Сарапшының айтуынша, бүгінге дейін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Бишімбаевтың сотындағыдай ешқашан көтерілген емес.

"Осыншалық ұзақ мерзім талқыланған жоқ. Агрессия көрсететін ер азаматтардың өздеріне өте жақсы сабақ болды. Сот процесін тікелей эфирде көру қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттырады деп ойлаймын. Сот осылай болады екен, қорғаушы мен айыпталушы былай жауап береді екен дегендей. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптасу тұрғысынан жақсы пайдасын тигізеді деген ойдамын", - деп атап өтті ол.

Осы орайда психолог сот процесі балалар көретін дүние емес екенін баса айтты.

"Жоғарғы сот осы тікелей эфирді жариялап жатқан кезде 18+ деген белгі қою керек еді. Кәмелетке толмағандарға, санасы қалыптаспаған балаларға осындай дүниелерді көрсетпеген жөн. Бұл бала көретін контент емес. Мен бір-екі рет сот процесін тікелей эфирден қарадым,  бірақ өкінішке қарай 18+ деген жазуды көрмедім. Сонымен қатар ретрансляция жасап жатқан медиа құрылымдар да осыны ескерсе екен. Балалар психологиясы үшін бұл зиян", - деп жалғастырды Ержан Мырзабаев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар