Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрме адамды өзгертеді: Бишімбаевтың бұрыңғы әйелі тың ақпараттармен бөлісті

12:39, 23 сәуір 2024 812

Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен қалай ажырасқаны туралы "Умные люди с Асель Кожаковой" ютуб арнасына берген сұхбатында айтты.

"Кім ажырасқысы келеді дейсіз. Ажыраспас бұрын алдын ала дайындалуымыз керек. Кетуге және қарсы тұруға моральды және қаржылай жағынан дайын болуымыз керек. Әйтпесе, ол жақсылықпен жібермейді", – деді Назым.

Назым Қаһарман Бишімбаевтың үш жылға жуық түрмеде отырғанын еске алды. Ол бостандыққа шыққанда ерлі-зайыпты бір ай ғана бірге тұрған.

"Түрме адамдарды өзгертеді. Мұндай өмірлік сынақтан кейін адам түбегейлі өзгеріп, өзін жақсы күйеу, жақсы әке ретінде көрсетуге тырысады. Мен оған соңғы мүмкіндік беріп көрдім. Түрмеден әрқашан менікі дұрыс деген оймен шықты. Мүмкін өзгерген шығар деген ой болды. Біз бір айға жуық бірге тұрып көрдік. Алайда ол өзгерген жоқ. Қуандықпен көп сөйлестім, оған өзгеру үшін психологиялық және рухани тұрғыда жұмыс істеу керегін айттым”, – деді Назым Қаһарман.

Ол осы уақыт аралығында Бишімбаев екеуінің арасында үлкен жанжал болғанын, бұл қайтып оралуға мүмкіндік бермейтін жағдайға айналғанын айтты.

"Шамамен үш күн бойы ұрыс-керісті тоқтатуға тырыстым. Шын мәнінде, зорлықшыларға сіздің эмоцияңыз керек. "Сен жаман  әйелсің?", "Неге сен үшін бәрін жасадым?" деген сынды сөздерді айта бастайды. Үнемі сені кінәлі етіп шығарғысы келеді. Олар сенің қаныңды, энергияңды, ашуыңды, көз жасыңды, өзіңді кінәлі сезінуіңді қажет етеді", – деп қосты Назым Қаһарман.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар