Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Неге біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйелдікке тек пәк қызды аламын". Қуат Хамитов ата-аналарға ұл-қыздарын пәк етіп тәрбиелеуге кеңес берді

18:07, 04 қазан 2024 1387

Атышулы қазақстандық файтер Қуат Хамитов Вестник ММА YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы сөз етті. Спортшы әйелдікке тек пәк қызды аламын” деген ойынан айнымағанын және “жақсы қыз” бен “жаман қыздың” айырмашылығы оның пәктігінде екенін мәлімдеді, деп хзабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

“Біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, бізде неке түнінен кейін ақ жайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Жерлестеріміздің бірі пәк қызға үйленбесе, біз онымен араласпай қоятынбыз. Өйткені ол жігітке лайықсыз іс-әрекет жасады. Біз осылай тәрбиелендік. Әйел – ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Сол себепті мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Бұл – “жақсы қыз” бен “жаман қыздың” айырмашылығын көрсететін дүние”, – дейді Қуат Хамитов.

Сонымен қатар, Қуат Хамитов әр адамның су жаңа киім киіп, салоннан тұлпар мінгісі келетінін мысалға келтіріп, әйелдің ондай дүниелерден әлдеқайда құнды екенін айтты.

“Неге біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйел – су жаңа көлік пен киім-кешектен әлдеқайда бағалы. Сол себепті, бұл адамдарға ұнасын-ұнамсын, бұл қалыпты нәрсе. Исламда ер адамдарға да әйеліне пәк күйінде бару керегін айтады. Ондайға жігіттер жоламауы тиіс. Өйткені бұл сенің ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туылған бала ауру болып дүниеге келеді. Сондаықтан абай болу керек”, – дейді атышулы спортшы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар