Немесе Заманбекті не үшін өзіне өзін екі рет атқызды?
Төменде баяндалғандар Сіз үшін жаңалық емес. Біз бір бірімізді ширек ғасырдан бері білеміз. Сіз 39-дағы жас, қуатты саясаткер Обкомның екінші секретары лауазымында Қазақстанның ықпалды адамдарының қатарына ендіңіз. Міне сол кезде біз таныстық. Бізге ресми де, бейресми жағдайда да жиі кездесуге тура келді. Осы жылдары, Сіздің де президент ретінде, менің де, Алматы аймағының басшысы ретінде көптеген бас ауруларымыз, нақты айтқанда “Боламыз ба, болмаймыз ба?”- деген қиын жағдайлардан оңтайлы шешімдер таба білдік. Көбіне бұл проблемалар Сіздің персонаңызға қатысты, басқа адамды таба алмаған соң, пайда болған проблемаларды маған тапсыратынсыз. Енді “Нұрқаділов” фамилиясы Қазақстанның жаңа тарихына “Демократия жауы ретінде” кіруі мүмкін !
Сізге ресми хат жазуымның бір себебі бұл емес. Мынау.
Сіздің жеке өтінішіңіз бойынша Алматының мэрі болған кезімде 1993 жылы менің басшылығыммен Жоғарғы Кеңес таратылды.
Ол кезде мен өз әрекетіме Тәуелсіз мемлекет ретінде жолын енді бастаған Қазақстан үшін пайда келтіреді, және тек қана Сіздің басшылығыңызбен экономикада, ішкі- сыртқы саясатта жетістіктерге жетеміз деп, шын сенетін едім. Жартысы жүзеге асты да, ол сіздің еңбегіңіз. “Судан құрғақ шығысымен “ сіз барлық билікті өз қолыңызға алдыңыз. Көзқарастар мен әрекет бағытын мүлдем басқа жаққа бұрдыңыз.
10 жыл өткеннен кейін мен қазір сіздің тілегіңіздің “қолбаласы” болғаныма, нағыз демократия өскінін тамырынан құртқан, еріксіз әрекет авторы болғаныма шын өкінемін. Сіз құдай берген талантты адамсыз, осы құдай берген қабілетті, неге өзіңіздің “Мен"-ді нығайтуға бағыттадыңыз. Барлығын тізбелемей-ақ, Жоғарғы Кеңестің екінші рет таратылуы Сіздің арыңызда екенін ғана айтамын. Содан кейін, Сіз жас және халқы аз мемлекет үшін тіптен тиімсіз екі палаталы Парламентті ойлап таптыңыз. Бұл қиын парламент сізге халықаралық норма үшін қайшы заңдарды қабылдауға немесе Алғашқы Президент, “Сайлау жайлы”, “лас” ақшаны “ заңдастыру, т.б. Заңдарға толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге мүмкіндік берді.
Иә біздің Негізгі Заңымыз- Конституция- жетілдіруді қажет етеді. 12 жыл жас мемлекетті құру жолында 7 үкімет ауысты. Тоқаев және әзірге жас Ахметовтан басқалары белгілі бір деңгейде барлығына тонауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік наградалармен босатқан Сізбен теңескісі келген кезде СІз оны моральдық кейін заңды құртқан Қажыгелдиннен басқасы. Отанының, туған елінің есігін жауып тастадыңыз. Ешбір басқа экс-премьердің, босатарда оның бюджетті шығындауы, қызметін жеке мақсатында пайдалануы жайлы тексеріп, дұрыс бағасын беруге тырыспадыңыз. Бұл рас па, өтірік пе? Сіздің бұл және басқа да қайшылықтарымыз сізге сұрақтар қоюға құқық береді. Сіздің шетелдік есепшот немесе қай елдерде особняктарыңыздың бар екенін іздеу менің компетенциямда емес. Менің сұрақтарым таза “қазақстандық”.
Еліміздің тәуелсіздік алып нарықтық экономикаға көшкен кезінен бастайық:
- Әлі күнге дейін мемлекеттік кепілдікпен қанша, кімдер кредит алынды, кімдер қайтармады және қайтарыла ма, осы деректер неге жария етілмеді? Бұл кредиттерді халық әлі төлеуде ғой.
- КПСС тарап тарап және 2000 жылға дейін бұрынғы МинКеңесінің (Министрлер Кеңесінің) барлық жылжымайтын мүлік пен құндылықтары өз иелерін тапты. Олардың тағдырын білгім келеді:
-Қазақстан Компартиясы ОК-ң (Орталық Комитет) қанша ақшасы болды және олар қайда кетті?
- Төмендегі мемлекеттік меншіктегі нысандардың иелері кім? Қаншаға сатылды және ол ақшалар қайда?
- Медеу шатқалына кіре берісіндегі көптеген коттедждері мен 40 га ғажайып территориясынымен ОК-ң Демалыс үйі.
- КПСС ОК Істер Басқармасының “Достық” қонақүйі.
- КПСС ОК Істер басқармасының “Алатау” санаторийі.
- МинКеңесінің Медеу шатқалындағы 3 және Алматыдағы 2 резиденциясы, жалпы көлемі 500 га, көптеген особняк, демалыс үйі, ресторан, т.б. әлеуметтік игіліктерімен?
- МинКеңесінің Есентуки және Сочи қаласындағы санаторийлеріне кім иелік етеді?
- ОК пен МинКеңесінің бұрынғы көптеген гараждарын қолданыстағы, бірақ жаңа жүздеген жеңіл автомашиналарымен кімге сатты?
-МинКеңесінің екі ғажап кеңшары болды, біреуі - “Алатау” кеңшары Алматы шегіндегі ғажайып жерде, келесісі - Талғар ауданында. Бұл кеңшарларды, аңшылық жерлердің тағдыры нешік?
Астана - жаңа астанаға кетерде, Сіз Астанаға көшу, орналасу үшін бюджеттен тиын да жұмсалмайды деп, жеке өзіңіз халыққа уәде берген едіңіз. Алғашқы кезде солай болып көрінді де. Бірақ Астана құрылысының кең қанат жаюы бүгін логикалық сұрақтар туындатады. Бірақ одан емес, бұрынғы астанадан бастайық:
Барлық министрлік пен ведомстволар, бөлімшелері Астанаға көшіп кетті. Мені солардың ғимараттарының тағдыры, Алматы қасындағы шатқалындағы Демалыс үйлері, пионер- лагерьлері қызықтырады. Егер сатылса қаншаға және ақшасы қайда? Сонымен қатар көптеген министрліктер мен ведомстволардың жылжымайтын мүліктері тек қана Қазақстанда ғана емес еді.
Енді Астана жайлы.
“Тарлау бірақ ренішсіз”. Бұл мақалды, Сіз тек көшіп келгеннен кейінгі бірнеше жыл ғана сақтадыңыз. Содан кейін “Ұлы құрылыс “ басталды. Қазақстандық әлемге танымал архитекторлар сізге Есілдің сол жағалауындағы құрылыс жайлы оң немесе теріс деп айтып үлгерместен Жапониядан архитектор шақырттыңыз. Мен Астананың құрылысына қарсы емеспін, бірақ сол жағалауға, жаппай құрылысқа қарсы үш дәлелім бар:
1.Жергілікті батпақ жердің геологиялық ерекшелігін зерттемей (50- 60 м, одан да терең) сіз неге жаппай құрылысқа тәуекел етесіз?
2. Көктемгі тасқыннан қорғамай қалай адамдарға тұрғын жай мен жұмыс орнын бере отырып қауіп төндіруге болады?
3. Әлеуметтік мәселелер шешілмей, ауылдық жерлердің өмірі жақсармай қалай миллиардтан теңгені жұмсауға болады:
- Президенттің жаңа ресми резиденциясына?
- МинКеңесінің жаңа ғимаратына?
- Финмин, ҚорМин, СІМ, “Қазақойл”-ң жаңа ғимараттары мен “Қарандаш” т.б. ресми ойын-сауық объектісіне?
Бұл әрбір “ғажайыптар” тұрғындарға салықтай қаншаға түседі? Мұның барлығы халықтың ақшасына салынып жатқанын ұмытқан шығарсыз?
Енді Сізге және сіздің отбасыңызға жақындайық:
-Бұрынғы “Қонаевтың” бола тұра Алматыда мемлекеттік немесе жеке екенін білмей, жаңадан үлкен особняктар (3 немесе 4) салудың қандай қажеттілігі болды? Екеу үшін аз болды ма? Оның үстіне сіз “Алматы” санаторийінен алма бақтарымен бірге бірнеше га жерін тартып алдыңыз. Одан төменде гольф алаңына арнап құрылыс бастадыңыз. Халық үшін бе?
Өркениетті елдерде тіпті Африкада да бірде бір билеуші Ұлттық парктің жеріне тиісе алмайды. Бұл халықтың және болашақтың үлесі. Сізге кім рұқсат етті және қандай ақшаға сіз Шымбұлақ тау шаңғысы базасынан жоғарыда таза ағаштан екі ғажап, көлемі бойынша үлкен сарай салдыңыз?
Сізге қарап “жаңа қазақтар” осы базаның қасынан осындай ондаған особняк салып тастады. “Медеу” шатқалы:
-тек қана ұлттық парк қана емес ол мегаполистің “өкпесі”. Ал сіздер қысы-жазы солярка пешін пайдалып қалаға баратын тау ауасын ластаудасыздар.
-ол таза мөлдір судың бастауы, қаланың ¼ осы суды ішеді, ал сіздер тау өзеніне барлық қоқысты тастайсыздар.
Сіз Конституция кепілісіз сіздің антыңыз қайда? Немесе бұл жайлы “Тұңғыш Президент” заңында жазылмаған ба?
25 жылдық таныстығымызда мен сіздің отбасыңызды жақсы білемін. Әйеліңіз - Сара Алпысқызы - мейірімді, елгезек, сізге шынайы сенетін, адал әйел және тамаша үш ғажап қызды тәрбиеледі. Сіз оны сағат сайын алдап, елдегі жағдай мен “жекелей” алғанда сіз жайлы жалған айтатын адамдармен қоршадыңыз.
Өлшеусіз байлық бере отырып қыздарыңыз бен күйеу балаларыңызды қандай жақсы емес іске тартқаныңызды өкініш білдіремін. Ал олар барлығы да мен оларды білемін, ақылды, сұлу, мейірімді жас адамдар еді.
Мысалы неге Дариғаға “Хабар” , “Еларна” , “Орт Еуразия “ кейін барлық БАҚ пен журналистерге ықпалды алып беріп “Ұлы журналист “ жолын болжадыңыз? Сенің шаруаң қанша дерсіз? Иә рас менің шаруам емес. Бірақ бұл халықтың, мемлекеттің ісі. Мұнда идеология қалыптасады, патриоттардың мінезі шынығады, мұнда қандай “құдайға” табынатындығы анықталады. Қазір Дариға үлкен саясатпен айналысуда, мүмкін бұл оның ісі шығар. Бірақ ол “Қызметін, фамилиясын тек өзінің партиясын мақтау үшін пайдаланатын” жарияға жар еткенде қауіп пен секем аласың. Міне сондықтан да жаңа “БАҚ туралы Заң “ керек! Міне сондықтан да соңғы уақытта әзірге елеусіз “Шыңғысшылдар”, Шыңғыс ханның ұрпақтары “Барлық елдің Шыңғысшылдары бірігіңдер “ ұранымен монғолдардан Шыңғыс ханды тартып алып Қазақстанда хандық орнатқылары келеді? Сіздің жұмысыңыз емес пе? Есіңізде болса 1996 жылы “Бізді енді қалай атауға болады?” деген ашық Хат жолдаған едім сізге. Сіз жауап бермек түгілі ол хаттың жариялануына тиым салып едіңіз. Мен оны тағы да жіберемін.
Енді жауап күтуге мүмкін бар. Сұрақ: сіз расымен де “Ұлы хан” болғыңыз келе ме?
Ортаншы қызыңыз - Динараның талантты күйеуі бар. Ол өз отбасын асырауға толық мүмкіндігі бар. Бірақ неге “Троя сыйы” ретінде мыналарды бересіз:
- Алматы, Астана қаласындағы ағылшын тіліне бейім болашақта жоғары оқу орынына дейін өсу перспективасы бар екі арнайы мектепті?
- Алматы облысының әкімдігін Талдықорған қаласына жіберіп Кеңес Үйінің тарихи классикалық зор ғимаратын мұнай университетін ұйымдастыру үшін беру? Мүмкін мұнай саласына заманауи кадрлар қажет шығар, бірақ Политехникалық университет бұл тапсырманы толық орындап отыр ғой.
Сіздің сүйікті қызыңыз - нәзік Динара - қазір Алматыда қалалық биліктің көмегімен өз құрылыс көзқарасын тіптен кеңейтті. Болатын да болмайтын жерге де салуда. Салсын бірақ неге бұрыннан тиіспейтін жерге бас салуда? Және оған құрылыс неге керек? Оның хоббиі тіпті басқа еді ғой. Тағы да менің шаруам емес шығар? Бірақ мен бұл мысалдарды оларды кемсіту үшін емес, әлемде ұрпағы барлар тәрбие мен өмір мектебінен өту үшін алдымен қоғамға, төменде тілім нанның қандай қиындықпен табылатын түсіну үшін адамдар арасына жіберетінін білгендіктен айтамын.
Кім қалай ойлайтынын білмеймін, бірақ Сара Алпысқызы - Тұлға, мейірбан әйел ретінде “Бөбек” қозғалысын басқарған кезде қалыптасты. Негізінен халықтың басымы осы ісі үшін жақсылық тіледі. Ал енді қазір не болуда?
Медеуге жолда оң жағында 50 гектардай алма бағы болды. Қазір онда “Элитстрой” - Әлияның фирмасы (мүмкін басқаға рәсімделген шығар) Сара Алпысқызы үшін “фитоцентр” - жаңа офистер, көптеген тұрғын коттедждер салып тастады. Неге? Не үшін? Тамаша бақты бұзуға кім рұқсат берді? Достық проспектінің қасынан Оның тыныштығын бұзбас үшін “мерседестен” басқалары өте алмайды. Бұл сондай мейірбан әйелдің капризі, тілегі емес шығар?
Банктердің ісіне қатысты, Ұлттық банктен, жекелеген банктерден, кейбір жергілікті банктерден басқасынан барлығына сіздің (сіздің отбасыңыздың) зор ықпалы бар. Барлық банктер орасан пайда табуда, Алматы мен Астанада зор офистер салуда, есепсіз байлықты иемденуде. Ал халық бұрынғыдай “Банк” деген сиқырлы сөзге сеніп өз ақшаларын сіздің банктеріңізге салуда. Олар қалай айналуда, болашақта қандай кепілдігі бар - бір Алла біледі. Осы жерде сұрақ туады:
- бағдарламасыз,мақсатсыз болашаққа кепілсіз $5 млрд-ты “Мұнай қоры” және $1 млрд-ты инновациялық қор неге қажет? Бұл ақшаларды алтын қорды молайту үшін Ұлттық банкке салуға болатын еді.
Зейнетақы қоры қалай қолданылуда және иесі кім? Олардың еріктерінсіз болашақ зейнеткерлердің еңбекақысынан бұл қорға аударуда, ештеңеден хабарсыз. Осы жерде сізден Ахметов үкiметі 2003 жылы бюджеттің 120 млрд теңге профицитін қайда жіберді? деп сұрау орынды.
Мұның барлығы жақсы емес ойларға жетелейді, бірінші кезекте Үкіметтен мұқият және ресми сұрау жіберген Парламентке, олар табанды түрде бұл “құпияның” құпиясын ашқылары келмейді.
3. Келесі сұрақ жер реформасына қатысты.
Бұл жерде бірнеше сұрақ туындайды.
Мен жер реформасына қарсы емеспін. Бірақ референдумсыз бұл заңды қабылдамау керек еді. Неге? Өйткені жер халыққа тиесілі екендігі Конституциямен кепілдендірілген. Қалай олардың келісімінсіз ең аз дегенде 34 дауыспен ата-бабаларымыздың қанымен жуылып, қорғалған жерді сатуға болады? Халық тек қана халық қандай да бір жердің қандай шартпен, кімге, қаншаға қандай шекті көлемде беруге болатынын шешеді! Ұлттық қазынамыз сақтаулы жерлер - шикізат, уникалды флора мен фауна, жалпы қолданыстағы жерлер жайлау, ұлттық парктер мен көпшілік демалыс орындары мемлекетте қалу қажет. Біздер, нақтысы Конституция кепілі- сіз әлемдік қақтығыстар, азаматтық соғыстар, қантөгістер, жақын және көршілер арасындағы үлкен және кіші қатал даулар қасиетті жердің бір бөлігі үшін болып жатқанын және болатынын ескеруіңіз керек еді. Сіз елді қайда итерудесіз?
Астана мен қала маңындағы жерлер біз бұл заң “Бола ма болмай ма?” деп ұрсысып жатқанда белгілі құдіретті тұлғалар бос жерлердің барлығын иеленіп алып, қазір 1 га жер құрылыс үшін $1 млн, Астанада $5 млн тұратыны СІзге белгілі ме? Барлық жыртылатын және аңшылық жерлер Қазақстан бойынша алдын ала билікпен таныс адамдарға рәсімделіп қойылған.
Ертең немесе одан кейін адамдар қайда жер жыртып немесе демалады? Батрақ болып немесе сұмдық ақша төлейтіндігі белгілі. Немене болашақта жаңа “Қазан төңкерісін “ тірілткіңіз келе ме?
Жер тақырыбы қозғалғанда жер қойнауының пайдалануы жайлы да айта кеткім келеді. Қанша мұнай мен газ өндірілуде, кім қожайын екені маңызды емес, салық түсімі ретіндегі пайда тұрғындардың жан басына шаққанда қаншадан келеді?
Алтын, күміс, мыс, цинк, марганец, хром, т.б. еліміздің шексіз байлығы қайда кетуде? Мысалы көршілес Өзбекстан алтын өндіруден ресми түрде әлемдік лидер болып табылады - 10 тонна шамасында. Ал біз ше? Хром - сирек кездесетін металл, дүние жүзінде руда ретінде тек қана Африкада (70%) және Қазақстанда (30%) кездеседі. Осындай монополияға ие бола отырып неге бұл қазына бізді бай етпейді? Осмий және рений тіпті руда ретінде тек қана Қазақстанда, Жезқазған қасында кездеседі. Ал әлемдік классификациясы солай “Жезқазғанит” деп аталады. Ол мыс рудасымен бірге кездеседі, бөліп алынып жабық көтерме базарда 1 грамм осмий немесе рений $100 000 шамасында бағаланады. Оны жылына 5-8 кг дейін өндіреді, немесе суммарлы құны $1 млрд шамасында. Осмий мен рений - қорғаныс, космос, заманауи технологияларда, ядролық редакцияда катализатор ретінде қолданылатын қиын балқитын, тозуға жоғары төзімді сирек кездесетін металл.
Қайда олар? Кім бақылауда, есептеуде, қайда кетті, кім иелік етеді? Егер бүкіл әлем терроризммен, нақты айтқанда террористердің ядролық мүмкіндігіне қарсы күрессе, онда біздің бақылаусыз уран, осмий, рений потенциалды террористердің қолына түспесіне қандай кепілдік бар?
4. Ғылым мен білім саласы жайлы айтпауға болмайды.
Жақсы ма жаман ба бірақ біз әзірге шикізат экспортына өмір сүрудеміз. Біз неменеге өмірімізді тек оншақты жылмен ғана өлшеудеміз? Құнды шикізат бітіп, экологиялық апат аймағы болып жарияланған жерлер аз ба еді? Қаратау, Жаңатас және Қарағанды, Текелі, Шығыс, Орталық Қазақстанның көмір және шикізат шахталары, Каспийдің мыңдаған тереңдіктегі консервіленген скважиналары, т.б. Бізді қайда жетектеп барасыз президент мырза? Ұрпаққа не қалдырамыз? АҚШ баяғыдан өз территориясында ештеңе өндірмейді, Болашақ Ұрпақ алдындағы қылмыс деп есептейді. Жапония, Корея, АҚШ, Қытайда, батыста және көптеген елдерде экономикалық өсімнің басты талабы ретінде максималды қолданыстағы ғылымды көп қажет ететін “ғалым- милар” өндірісін құру мен енгізу болып табылады. Бізде мыңдаған академиктер бар, ал Ғылымдар академиясы енді жоқ. Бұл білімсіздік пе, немесе бір адам яғни сіз не болу керек немесе болмайтынын айтып отырасыз ба?
Ежелгі қытай билеушілері халықты бейбіт бағынышты ету үшін “Асқазан толық, ал сана мен жүрек толықтай бос болу керек “ тәсілін қолданыпты. Сіз осыны білген сияқтысыз. Әйтпесе сіздің билікке келгеннен елде адамдардың рухани байытатын- идеология құрып кеткенін қалай түсіндіруге болады? АҚШ та барлығы “Америка барлығынан жоғары “ сөзіне бас иіп, құрметтейді. Сіздің “Бізде ешкім аштан өлген жоқ” деген сөзіңіз халық, әсіресе жастар үшін лозунг бола алмайды.
Бізде патриотизм, Отанға, жерге, тілге деген сүйіспеншілік дамымайды. Сізге “мәңгүрттерді” өсіру тиімді сияқты. Біз тәрбиелік, танымдық, патриоттық бағыттағы нағыз көркем, деректі кинофильмдер, телефильм, басқа да көркемдік құндылықтар дәстүрін ұмыттық. Бізде ұлттық салт-дәстүр, өнер, қолданбалы өнер насихатталмайды. Егер шетелдік жоғары қонақтар келсе опера, балет, классикалық музыкамен шектелеміз. Қаншама ғажайып халықтық , әлі танылмаған өнер, мәдениет, әдебиеттің жас, жасамыс шеберлері бар. Бұл қабатты көтермек түгілі сіз ресми түрде “Бұл айтыс неге керек? “ деп айтыпсыз. Мұны айтып тұрған президент, ал мәңгүрт болған басқаларына қолайына жағады. Міне сондықтан да қазақ тіліндегі кәсіби хабар тарату, іс жүзінде телевидениенің барлық каналдарында тас қабырғаға айналды. Қазақ тілді журналистер “еркінойлылық” үшін “қуғын көрді” жойыла бастады.
Газет жайлы айту тіпті ыңғайсыз. Республикалық басылымдардан тек “Жас Алаш “ қана дәстүрлі еместігімен көзге түседі. “Егемен Қазақстан“ сіздің жәрдеміңізбен - тоқырау кезіндегі ең нашар үлгісі - Социалистік Қазақстанға “ айналды. Идеологияны айтсақ жастар саясатын алайық. Олар - біздің жарқын болашағымыз екенін барлығымыз да түсінеміз. Ал сіз жас ұрпақтың бірігуі үшін не істедіңіз? Балабақшалар (тегінге жақын) жойылып кетті, онда өзінің қоғамы, идеологиясы болып еді. Пионерлерді қаламадыңыз, “Мың бала “ қозғалысын игнор жасадыңыз, “скауттарды” қабылдамадыңыз. “Жастар одағы “ бизнеспен айналысып кетті. Жастар енді қайтсін? Дискотекаға, кездейсоқ адамдар қоғамына, ең нашар жағдайда маскүнемдік пен нашақорлық.
Бірақ барлық жастар олай өмір сүргілері келмейді. Олардың арасында әртүрлі бағыттағы көптеген талантты балалар бар. Міне сіз - кешегі “ПТУшник” жетім сияқты өстіңіз, мен - жетіммін, анам - уборщица. Сіз өте жас кезіңізден үлкен басшыға дейін өстіңіз. Президент болдыңыз. Мен тағдырыма өкпем жоқ. Басшы болып жұмыс жасадым. Енді сұрақ тұр, қазіргі өте талантты, бірақ өте кедей жас адам сіздің жолыңызды қайталай алатынына кепілдік бере аласыз ба? Мен “Жоқ!” деп батыл айта аламын. Өйткені сіз ақшасыз таланттар ешқашан жоғарылай алмайтын жағдай туындаттыңыз. Біріншіден, сіз халықтық білім деңгейін жиілеген реформалармен түсіріп жібердіңіз. Қазақстандық ЖОО жоғары рейтингін жоққа шығардыңыз. Және “нувориштарға” сатып жібердіңіз. Шетелдік жоғары оқу орындарының дәрежесіне (не умоляя) дарынды жастарды неге “Болашақ” грантымен шетелге аттандырды деген сұрақ туындайды? Біздер Қазақстандық көптеген танымал адамдары Қазақстанда оқып ақ кез келген істі Гарвард немесе одан да мықтысын бітіргендерден кем білмейміз. Бір премьерді осы лауазымға шетелдік білімі үшін тағайындамап едіңіз? Ал нәтижесінде не болды? Шетте тек тілді ғана емес, ақша жасауды да үйреніпті. Тек ол адресін жиі шатасып, қалтасын толтырып қазір бұрынғы Кеңес кеңістігінің ең бай адамдар ондығына енді.
ЖОО рейтингін түсірмес үшін кез келгенге “Академия”, “Университет”, т.б. ашуға рұқсат бермеу керек еді. БІз өскелең ұрпақтың барлық картасын шатастырып жібердік. Өйткені кәсіп таңдау - бұл өте байыпты және мәңгілікке ғой. Қателік - бұл трагедия. Біз олардың рискін өсіріп жібердік. Бұрын соңғы курстың әр студенті қайда, кім болып жасайтынын нақты білетін. Қазір ондай кепілдік жоқ. Егер мұны мемлекет реттей алмаса онда болашақта кімге үміт артпақсыз?Ағылшынға бейімді жас бай “Назарбаевқа” ма? Сіз қате жолдасыз деп ойлаймын. Біз ұлты, әлеуметтік орнына қарамастан ең жас кезден бастап кадрларды дайындау, тәрбиелеу мен орналастыру бастауына қайта оралуымыз керек. Қоғамды басқаруға ең төменнен мемлекеттік деңгейге дейін, ең икемді адамдар табиғи сұрыптау арқылы ғана анықталу керек.
Әйелдердің карьерасы тіпті айқын емес. Менің білуімше сіз әйел сұлулығын өте бағалайсыз, ресми, бейресми жағдайда оларға әдемі, нәзік сөздер айтасыз. Ал әрі қарай қалай? Менде, басқаларында да сіздің отбасыңыздан “махаббаттан” басқаға тұратын әйел жоқ сияқты ой қалыптасқан.
Туризм Швейцарияда табыстың 90%, Түркияда 45% құрайды. Бізде зор мүмкіндіктер бола тұра арнайы “Ұлы жібек жолы “ туризм бөлімшесін құрдық - базар, дүкен, автозаправка саламыз, ал халықаралық туризмді ешқандай дамытпаймыз.
5. Сайлау туралы бірер сөз.
Алматыда 2003 жылғы маслихат сайлауын өткізбесе де болатын еді. Неге? Ертеректе “Сайлау туралы заң“ бұзылса да барлық сайлаушылар қашан, қайда, кім үшін дауыс беретіні жайлы хабарлама алушы еді. Ал бұл жолы әр кандидат немесе лоббистер тек қана танитын, сенім білдіргендерді ғана хабардар еткен сияқты. Көпшіліктің тіпті білмей және дауыс бермегеніне сенімдімін. Сенбесеңіз әр сайлаушыға сұрау жіберіп қорытынды жасаңыз.
Бастапқы үшін көпшілік қойғысы келген сұрақтарды қойдым деп ойлаймын. Мүмкін жаңадан сұрақтар пайда болар? Бірақ бұл сұрақтарды мен ойлап тапқан жоқпын. Ол қарапайым адамдардың көптен сізден естігісі келіп жүрген сауалдары. Сіз, тек қана сіз емес, көптеген Қазақстандықтар “Сен неге осыған дейін үндемедің? “ деуге құқы бар. Бірақ мен үнсіз болдым ба? Сирек ашық әңгімелерімізде жиналып қалған сұрақтарды сізге жекелей айтқан едім. Көптеген ресми сауал жібердім. Анализ, тексеру, оң редакция орнына сіз мені қаншама жылдан бері “қанды дұшпан “ қатарына қостыңыз. Дегенмен мен Қазақстанда сіздің жауыңызды көрмедім. Барлығы да сізге тек жақсылық тілейді. Ал түзу жолдан таймас үшін шындықты көзіңізге айтқысы келгендерді Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Әкежан Қажыгелдин сияқты жер аударып немесе Жақиянов, Дуванов сияқты түрмеге отырғыздыңыз. Соңғы кезде менің жетінші сезімім сіздің маған қарсы байқатпай карта ойнап “қылмыскер” немесе қай бір қайғылы оқиғада “қаза тапқандар “ қатарына қосқыңыз келетінін байқаймын.
Мен қайталап айтамын ешқашан үнсіз қалмадым және үнсіз қалмаймын. Біздің 2003 жылғы қарашадағы ат жарысындағы соңғы кездесуіміз есіңізде ме? Сағаттай ашық әңгімелесуіміз ештеңе өзгертпегенін керісінше нашарлатқан сияқты. Кәсіби кадрлар ауысып тұру керек, бірақ кіммен? Өз қызмет пәнін, қайда бара жатқанын білмейтін, немесе күмәнді беделді адамдармен. Барлық БАҚ немесе тек қана жақсыны және тек қана сіз жайлы немесе елде не шетелде болған қандай да бір жағдай жайлы толық бейхабарлығын көрсетуде.
Көптеген журналистердің, оппозицияның, сау ақылды адамдардың барлық жанайқайы толықтай терістеліп, көпшілікке жария болмайды. Көп өте көп факторларды келтіруге болады.
Бастағасын соңына дейін айту керек.
Сіз Алғашқы Президент ретінде жас мемлекетіміз үшін аз іс жасаған жоқсыз. Мұны барлығы мойындайды. Бірақ қытайдың “Кім алға қозғалмаса, сол артқа жүреді “ деген дана мәтелі бар. Расында ғажап сөздер! Біз тоқтап қалдық. Тек қана сіздің күнәңізден! Егер мен қойған сұрақтардан біреуі болса да артық пайдалану жайлы растау тапса сіз Кореяның экс-президенті Рө Дэ У-дан кем емес жазаға лайықсыз. Оның бірнеше мың доллар пара алғаны үшін өмірлік түрме қамалғанын, билікті отбасымен иемденіп, асыра пайдаланғаны үшін Румынияның басшысы -Чаушеску өлім жазасына кесілгенін , Моникаға қатысты моральдық этикал норманы бұзғаны үшін АҚШ президенті - Клинтон саяси құртылғанын, парламент сайлауы қорытындысын өзгерткені үшін Грузияның бұрынғы президенті - Шеварднадзе лауазымынан босатылып үй қамақта отырғанын, күмәнді репутациядағы байланысы, сенім ұялатпайтын президент айналасындағы адамдар үшін - Литва президентіне ерекше “импичмент” жарияланып, енді таяуда масқарамен босатылатыны белгілі. Мұның барлығы қоса алғанда, еркін баспасөз материалдары бойынша сізде көрінер көрінбес байқалады. Нені күтіп отырсыз? Неге өз еркіңізбен кетпейсіз? Сізбен не істейтінін халық өзі шешеді деп ойлаймын. “Өлім жазасы рақымшылық болмайды “ - үтір қайда қойылады? Бірақ бір нәрсені нақты айта аламын: СІз Конституцияның барлық нормасын пайдаландыңыз. Сіз билікте 16 жылға жақын отырдыңыз. Бұл 4 рет 4 мерзімнен немесе 5 жылдан 3 рет немесе 2 реттен 7 жыл. Сізге дереу президенттіктен бас тарту керек - деп, ойлаймын. Және “Кімнің кім екенін? “ халық шешсін.
Бекболат Қаржанның парақшасынан