Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаев мас, 15 тәулікке қамалды

07:53, 20 ақпан 2024 325
Алматы полициясы жол ережесін бұзған Нұрсұлтан Назарбаевты 15 тәулікке қамады. 

2024 жылдың 4 ақпанында Сейфуллин даңғылы мен Тобаяқов көшесінің қиылысында билік өкілдері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Жүргізуші Нұрсұлтан Назарбаевтан алкогольге мастық дәрежесін анықтау үшін түтікке үрлеуді сұраған. Содан кейін экс-президенттің аттасы медициналық тексерістен өтіп, сот процесі арқылы 15 тәулікке қамауға алынды, деп жазады cmn.kz сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Полицейлер көлікті тұраққа апарды.

Аталған шешіммен келіспеген жүргізуші аппеляциялық шағым түсірген. 2001 жылы туған Нұрсұлтан Назарбаев өз өтінішінде дәлелді себепсіз тоқтатылғанын және алғашқы медициналық тексеруден нәтиже шықпағандықтан, алкогольдік мас болу дәрежесін анықтау үшін заңсыз қан тапсыруға мәжбүр болғанын көрсеткен.

Тараптардың пікірін тыңдаған Алматы қалалық соты 9 ақпанда бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Нұрсұлтан Назарбаев 15 күн қамауда болып, жеті жыл бойы такси мен қоғамдық көлік қызметін пайдалануы керек.

Фото: freеpik
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар