Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі ресейлік АТБ банкі АҚШ санкцияларына ұшырауы мүмкін

16:19, 15 шілде 2024 458

Бұл туралы Alash.KZ ұлттық порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазір ресейлік 320 банктің шамамен 30% АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау бойынша басқармасының шектеуіне ұшыраған. Сәйкесінше бұл тізім ай сайын жаңартылып отырады.

"Қазіргі уақытта АТБ банк санкцияға ұшыраған жоқ. Бірақ жылдың соңына қарай жағдай өзгеруі мүмкін. АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Ресейдегі қаржы институттарын бұғаттау әрекеттерін күшейтіп жатыр", – делінген БАҚ хабарламасында. 

Жалпы ресейлік "АТБ Банк" банкінің жағдайы жаман емес. Азия-Тынық мұхиты банкі 2023 жылы 8,18 миллиард рубль таза табыс тапқан. Бұл 42,5 миллиард теңге. Банк 2022 жылдан бері минустан шыққан.

Фото: "АТБ Банк" арнайы есебі

Назарбаевтың Ресейдегі банкі 2024 жылдың бірінші тоқсанында 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда үш есе артық табыс тапқан. Банк бірінші тоқсанды 1,6 миллиард рубль (8 миллиард 648 миллион 180 800 теңге) пайдамен жапты. Жылдың аяғына дейін 10 миллиард рубль (54 миллиардтан аса) табыс табуы әбден мүмкін. 

Кезінде банкрот болған "АТБ Банк" Ресей Орталық банкінің оңалту процедурасынан өтіп, 2021 жылы өткен аукционда қазақстандық "Pioneer Capital Invest" компаниясына 14 миллиард рубльге, яғни 75 миллиард 671 миллион 582 мың теңгеге сатылған.

"Pioneer Capital Invest" компаниясының қожайыны Нұрсұлтан Назарбаев. Ал сенімді қаржыгері Данияр Әкішев компанияны басқарады.

2022-2023 жылдары банк акционерлеріне 8,5 миллиард рубль (46 миллиардқа жуық) пайда әкелген. Демек компания 2024 жылдың аяғында өзін сатып алуға кеткен шығынды толығымен ақтайды. 2025 жылдан бастап осы бизнес Назарбаевқа жылына 50 миллиард теңге таза кэш әкелуі мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар