Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайрат, Әбдіжаппар демалып жатыр". Қабатов қамақты демалысқа балап, "ерке жігіттерді" халық қолдайтынын айтты

12:16, 11 шілде 2024 1654

Әуеде бортсерікті балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатов тағы қағытпа қалжыңмен көпшілікті күлдіріп, әзілдеді. Қайрат Нұртас пен Әбдіжаппар Әлқожа үшеуінің той-томалақтан шаршап кеткенін, "демалу үшін түрмеге тоғытылғанын" айтты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Тұрсынбек Қабатов темір торға қалай тоғытылғанын баяндап, басынан өткен жағдайды демалысқа балады:

“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – деді актер. 

Естеріңізде болса, белгілі эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаның ұсталып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас та 15 күнге қамауға алынды. Өнер иесі ұшақта жолаушының бірімен төбелескені үшін айыпты болды.

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған үшін бес тәулікке қамалған танымал әзілкеш, «Әзіл әлемі» театрының басшысы Тұрсынбек Қабатов бостандыққа шыға сала концерт қойды. Ол өз орнына Қайрат Нұртастың кеткенін айтқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар